СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі
|
|
1.
|
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда орта буынды медициналық қызметкерлерді (мейіргерлер) қабылдау барысында медициналық мекемелерге Jumys SmartNation порталы енгізу туралы |
Jumys SmartNation порталы 2026 жылдың соңына дейін 100% дейін жеткізу ұсынылды. |
Ұсыныс хат |
|
2026 жылғы Желтоқсан |
|
2. |
Түркістан облысы бойынша медицина ұйымдарының арасында жеке тұлғаға ескертпей, сырттай ЭЦҚ жабық кілттерін қолдана отырып өз мекемелеріне (әсіресе жекеменшік) бекітіп алу жағдайлары 2024 жылы жиі орын алып, ақпараттық қауіпсіздік сақталмай, осыған байланысты халық тарапынан арыз-шағым күрт көбейді. |
Дербес деректерді қамтитын азаматтардың электронды кілттеріне байланысты ақпараттық қауіпсіздікті сақталмау қаупі туындауда , осыған орай басқарма тарапынан жекеменшік медицина ұйымдары арасында жеке тұлғалардың ЭЦҚ кілттерінің қауіпсіздігін бақылау және шара қолдану туралы құзырлы органдарға және осы жағдайлардың алдын-алу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың медициналық ұйымға тіркелген кезде Face ID (биометриялық сәйкестендіру) жүйесін енгізу туралы ұсыныс хат жолдауды ұсыну. |
Ұсыныс хат |
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Ұсыныс хат |
2026 жылғы шілде |
|
3. |
Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2022 жылғы 31 наурыздағы үкімімен, Кентау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Кенжеғұлов Ғани Жаңабекұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 368-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 26.05.2022ж Кентау қалалық емханасы басшысының бұйрығына сәйкес Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 21-тармақшасына сәйкес Кенжеғұлов Ғ.Ж. мен еңбек шартын бұзып, жұмыстан босатқан. Алайда, уәкілетті орган облыстық Денсаулық сақтау басқармасына ескертпей, Ғ. Ж. Кенжеғұловты 24.03.2023ж Кентау қалалық емханасына қайта жұмысқа қабылдаған. Және, Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 4 қазандағы үкімімен Жетісай қалалық емханасының стоматологиялық бөлімінің меңгерушісі Мейрамхан Наралович Шынтилеуов Қылмыстық кодексінің 367-бабының 2-бөлігімен (Пара беру) кінәлі деп танылған. Алайда, Жетісай аудандық орталық ауруханасының басшылығы М.Н.Шынтилеуов туралы Басқармаға ақпарат жолдамай, Еңбек кодексін бұза отырып М.Н.Шынтилеуовті тек лауазымын төмендетіп қызметінде қалдырған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының араласуымен Жетісай аудандық орталық ауруханасы 2024жылдың 1 қарашасында М.Н.Шынтилеуовпен еңбек шартын тоқтатып, жұмыстан босатқан. |
2024, 2025 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда бұрын істі болған азаматтарды қабылдау фактілері орын алғандықтан, 2026 жылы кадрлық мәселелері бойынша қатаң бақылауға алып және зерделеу жұмыстарын тұрақты жүргізуді ұсыну. |
Ұсыныс хат |
|
2026 жылғы желтоқсан |
|
4. |
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 14 қызметкері біліктілігін арттыру туралы оқу куәлігі жалған болып анықталып, жедел жәрдем станциясының бірінші басшысымен Еңбек кодексінің 48-бабымен қызметкерлер жұмыстарынан шеттетіліп, өз қаражаттар есебінен қайта оқуға жолданған. Ордабасы аудандық орталық ауруханасының 4 қызметкері біліктілігін арттыру туралы оқу куәлігі жалған болып анықталып, Аурухананың бірінші басшысымен Еңбек кодексінің 48-бабымен қызметкерлер жұмыстарынан шеттетіліп, өз қаражаттар есебінен қайта оқуға жолданған. |
Медицина мекемесінің кадр қызметімен Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау кабинетіне кіріп әрі қызметкердің алып келген біліктілік арттыру туралы куәліктің заңдылығын тексеріп жалған құжатты пайдалануға жол бермеу туралы хат енгізуді ұсыну. |
Ұсыныс хат |
|
2026 жылғы желтоқсан |