Дене шынықтыру және спорт басқармасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұ сынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1.

 

Жыл сайын мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау жүргізілуде.

Ротацияланған мекеме басшыларының бұрынғы жұмыс орнынан қызметкерлерді жаппай ауыстыруға жол бермеу;

 

Қосымша зерделеу анықтамасы

 

21.09.2026

2.

Еңбек кодексінің 26 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді. Оған қарамастан, Отырар аудандық №1 БЖСМ бухгалтері Н.Камал сот шешімімен өмір бойына бухгалтерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырылғанына қарамастан, осы күнге дейін қызмет атқаруда.

Мекеме қабылданатын әрбір қызметкерлердің Басқарманың кадр бөлімі арқылы Бас проркуордың арнайы есепке алу жүйесінің бірыңғай платформасы арқылы тексерілуін қамтамасыз ету.

 

Қосымша зерделеу анықтамасы

 

21.09.2026

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекітілген.

 

«Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №190 бұйрығының талаптарына сәйкес қызметкерлерге қосымша ақыларды спортшылардың жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін қамтамасыз етуге қосқан нақты үлесі мен қол жеткізген нәтижелерін ескере отырып тағайындауды қамтамасыз ету.

Спорт ұйымдарына Бұйрық талаптарының дұрыс сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәжіліс өткізу                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

21.09.2026

4

Мемлекеттік сатып алу саласындағы тәуекелдер

Мекеме басшылары және олардың орынбасарларының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру.

Спорт ұйымдарына Бұйрық талаптарының дұрыс сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәжіліс өткізу

 

21.09.2026

 

Дата публикации
30 сентября 2026