Ветеринария басқармасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі     ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1.

 

ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКҚ басшы құрамы арасында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы  06 сәуірдегі №55 қаулысымен бекітілген ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін берілген сыйақыларды қайта жинап алу және кейбір қызметкерлеріне артықшылық беріп, сыйақы мөлшерін жоғарлату бойынша тәуекелдерге баруы мүмкін.

Басқарма және кәсіпорын қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткізілген жиналыс хаттамасы

 

2026 жылғы тамыз

2.

Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 10-бабының 1 тармағына сәйкес, 040 «Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды,құралды, техниканы, жабдықтарды инвентарды орталықтандырып сатып алу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес  мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс өткізіледі.

Бұл рәсімдер облыстық мелекеттік сатып алу басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаз мердігермен ветеринария басқармасының бюджеттік бағдарламаға жауапты маманы арасында сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды қабылдау кезінде байланыс орнайды. Екі жақты байланыс кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері орын алуы мүмкін.

Бюджеттік бағдарламасын жүргізуге қатысты құжаттар (орындалған жұмыстардың актілері, басқа да құжаттар) электронды құжаттар айналымының біріңғай жүйесінде тіркету (Кеңсе арқылы тіркелу). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Әдеп жөніндегі уәкілге жолданған хат

Атқарылған жұмыстар туралы басшыға ұсынылған ақпараттық хат

 

2026 жылғы тамыз

 

Дата публикации
30 сентября 2026