СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі, коммуналдық шаруашылық бөлімі. Жоғарыда аталған бөлімдерде мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу бойынша жауапты субъектінің айқындалмауы мүдделер қақтығысы жағдайларын уақтылы анықтау мен реттеуді қиындатып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін. |
Әр бөлімде мүдделер қақтығысын реттейтін нақты регламенттер мен нұсқаулықтар әзірлеп, жауапты тұлғаны бекіту. Сонымен қатар қызметкерлерге мүдделер қақтығысын тану және хабарлау бойынша оқыту жүргізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Тамыз |
|
2 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ҚР Жер кодексінің 20, 43-44, 48-баптардың нормаларында жер учаскелеріне құқық беру құзыреті, тәртібі, сондай-ақ құқық беруден бас тарту негіздері нақты айқындалған. Алайда Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мен Жер кодексі талаптарының сақталмауына байланысты заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған. 1) Атап айтқанда, әкімшілік актілерді қабылдау барысында өтініштерді қарау рәсімдері толық сақталмаған, жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімдерде заң нормаларына нақты сілтемелер мен жеткілікті құқықтық негіздемелер көрсетілмеген. 2) Ұсынылған құжаттарды жан-жақты зерделемеу, өтініш иелерін заңда белгіленген мерзімде хабардар етпеу, жер учаскесінің құқықтық мәртебесін дұрыс айқындамау, қала құрылысы құжаттарын қате қолдану және шешімдерді қабылдау кезінде процестік талаптарды бұзу фактілері орын алған. 3) Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңмен белгіленген тәртіпте қарап, заң бұзушылықтардың алдын алуға әрекет жасалмағаны анықталды. |
Жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін қатаң бақылауға алу және жұмыс уақыты туралы ақпараттарды ашық көрсету. Сонымен қатар азаматтар тарапынан келіп түсетін шағымдар негізінде ішкі бақылау шараларын тұрақты жүргізу. |
Мәжілістің хаттамасы |
|
Тамыз |
|
3 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» 1) Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурс рәсімдерін ұйымдастыру кезінде 2025 жылғы 10 маусымда жарияланған конкурс қорытындысы бойынша 2025 жылғы 9 шілдеде «Түркістан үйлерді басқару компаниясы» ЖШС жеңімпаз болып танылып, 2025 жылғы 1 тамызда қызмет көрсету туралы шарт жасалған. Алайда, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №5194-25-00-4/860 шешімімен конкурс қорытындылары заңсыз деп танылып, күші жойылған, сондай-ақ жасалған шарт жарамсыз деп танылған. |
Конкурс өткізу барысында мүдделер қақтығысының алдын алу және комиссия мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша бақылау тетіктерін енгізу. Конкурс рәсімдерін ұйымдастырудың ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, комиссия жұмысының ашықтығын күшейту және заң талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу қажет. |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын мамандарды тұрақты түрде оқыту (онлайн курстар, вебинарлар, практикалық семинарлар) сертификат, хаттамалардың көшірмесі. |
|
Тамыз |
|
4 |
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» 1) Мекеменің ережесінің 2 тармағында Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ деп көрсетілген. Алайда мекеменің қарамағында бағынысты болып табылатын Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» «Түркістан Урбанистика орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетілмеген. 2) Ереженің 20 тармағында Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарын, Түркістан қаласы «Түркістан Бас жоспары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп қате көрсетілген. 3) Ереженің 29 тармағының 1) тармақшасында Сәулет және қала құрылысы бөлімі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде Түркістан қаласы «Түркістан бас жоспары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетілген. Алайда, осы көрсетілген мекеме мүлдем жоқ екені анықталды. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер мекеменің ережесін қалыптастыру кезінде формальды тәсілді көрсетеді және уақытылы өзектендірілмейтінін байқатады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықтың 5-тармағының талаптары сақталмаған. |
Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімінің Ережесін қолданыстағы заңнамаға және нақты ұйымдық құрылымына сәйкес қайта қарап, ондағы ескірген және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жою, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін нақтылау және Ережені тұрақты негізде өзектендіру тәртібін енгізу ұсынылады. |
Түзетілген мекеменің ережесі |
|
Тамыз |