Сауран ауданы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Сауран ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінде «Электронды үкіметтің» веб-порталы, "Е-лицензиялау" порталы арқылы аталған қызметті жүзеге асыратын маманның (штаттың) болмауына байланысты қазіргі таңда бұл қызметті 3 жылдан бері өзге мекеменің (Түркістан қаласы әкімдігінің) маманы атқарып келгендігі анықталды. Бұл, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

    Қолданыстағы штат бірліктерін оңтайландыру арқылы, Сауран ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің қолданыстағы штат кестесі шеңберінде тиісті салалық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру функцияларын бөлімнің қолданыстағы мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарына (функционалдық міндеттеріне) қосымша жүктеу арқылы бекіту.

    Құзыреттілікті арттыру: "Е-лицензиялау" және "Электронды үкімет" веб-порталдары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында жауапты маманның функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқаруын қамтамасыз ету мақсатында оқыту курстарына жолдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жұмыстарын жүргізу.

Бұйрық және лауазымдық нұсқаулық

 

Қазан

2

«О-маркет» электронды дүкенін зерделеу барысында бірнеше КТР кодтары бірдей тауарларды бөлшектеу арқылы сатып алынған жайттар орын алған, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында «О-маркет» электронды дүкені арқылы жарияланған лоттардың өнім берушілері көбіне бірыңғай өнім берушілер болып табылады.

Бірегей сәйкестендіру коды бірдей тауарларды бөлшектеуге жол бермеу. Егер де сәйкестендіру коды бірдей тауарларды немесе қызметтерді сатып алу барысында олардың жалпы соммасы 4000 мрп-дан асқан жағдайда бәсекелестік ортада жүргізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында бірегей өнім берушілермен келісім шарттар жасауды болдырмау.

Хаттамалық тапсырма

 

Қазан

 

Дата публикации
30 сентября 2026