СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Ішкі талдау жүргізу нәтижесінде бөліммен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтамау бойынша 5 дерек анықталды. Бұдан бөлек, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартуға міндетті. Осы Заңның 19-1-бабы 1-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді. Сол сияқты, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының 14-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызмет алушыны оған алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Бұл тұста, А.А.Абдималиковтың «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік порталы көтерме жәрдемақы туралы 01.04.2025 жылғы №137347 өтініші Сайрам ауданы әкімінің 03.04.2025 жылғы №283 қаулысымен бас тартылған. Алайда А.А.Абдималиковке қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала хабарлама жолданған (03.04.2025ж. №447 хат). Дегенмен, аталған хабарламадағы тыңдау өткізу мерзімі дұрыс рәсімделмегені және Қағидаға сәйкес бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы өткізуге мүмкіндігі туралы ақпараттандырмағаны анықталды. Осы секілді бұзушылықтар Ф.А.Беркинбаев (31.03.2025ж. №137236), Т.А.Мавланбекова (10.04.2025ж. №140586), Алтынбекұлы Ерсұлтан (09.04.2025ж. №140200), М.Т. Тажиметова (09.04.2025ж. №140062). Бөлімде қызмет алушыларға, тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетілмегені анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген. |
Аудандық экономика және қаржы бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Қыркүйек |
|
2 |
Ішкі талдау жүргізу нәтижесінде ауылдық округінің әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтамау бойынша Ауылдық округінің әкімі аппаратының жұмыс уақытысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 15.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19-00-ға дейін болып бекітілген. Қағиданың 10-қосымшасының Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін. Алайда, қызмет көрсетуші тарапынан өтініштерге қызмет нәтижелерін заңнамалармен белгіленген уақыттан 1 (бір) жұмыс күнге кешіктіріп тіркегені белгілі болды. Мәселен, қызмет алушы К.К.Юлдашева 16.04.2025 жылы, сағат 11:25:29, ауылдық округінің әкімі аппаратына «Е-лицензия» порталы арқылы (бұданәрі-Портал)№KZ70RBE00917052 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы өтінішін жолданған, өз кезегінде ауыл округі әкімі аппараты Ауылдық округі әкімі аппарты қызмет алушыларға, өтініштерді кешіктіріп тіркегені анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген. |
Арыс ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Қыркүйек |
|
3 |
Ішкі талдау бақылау жүргізу нәтижесінде ауылдық округінің әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу дерегі 1 дерек анықталды (2026ж.- 1). Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 10-қосымшасының «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 3-тармағында Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде; Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. «Жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Бірінші кезең бойынша 12 (он екі) жұмыс күнде орындалуы тиіс. Бұл ретте, қызмет алушы А.Е.Құлбабаеваның 22.04.2026 жылғы ауылдық округінің әкімі аппаратына «Е-лицензия» порталы арқылы (бұдан әрі-Портал) №KZ24RVX01866543 сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу туралы - 1 кезең бойынша өтінішін жолдаған. Алайда, ауылдық округі әкімі аппараты аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні болса да, ауыл әкімінің (ауыл әкімінің м.у.а – Д.Усманов) 13.05.2026 жылғы №KZ12VVX00550560 шешімімен дәлелді бас тарту ұсынып, қызмет көрсету мерзімін 1 (бір) жұмыс күніне кешіктіргені анықталды. Осы секілді бұзушылықтар, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислам діни бірлестігінің (20.08.2025ж. №KZ55RVX01454899), Г.Бабашеваның (08.09.2025ж. №KZ48RBE00989907). Қағиданың 10-қосымшасының «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 7-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Алайда, қызмет алушы С.М.Аллануровтың 21.07.2025 жылғы ауылдық округінің әкімі аппаратына «Е-лицензия» порталы арқылы (бұдан әрі-Портал) №KZ83RVX01422773 сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу туралы - 2 кезең өтінішіне Қарабұлақ ауылдық окургінің әкімі тарапынан (ауыл әкімі – К.Абдилахатов) 23.07.2025 жылғы сағат 19:01 де шешім ұсынғаны анықталды. Ауылдық округі әкімі аппарты қызмет алушыларға, өтініштерді кешіктіріп тіркегені және қызмет нәтижелерін жұмыс уақытынан тыс ұсынғаны анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген. |
Қарабұлақ ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Қыркүйек |
|
4 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 23.01.2026 жылғы №56 қаулысымен Манкент ауылдық округінде 15 штаттық бірлік бекітілген. Жалпы 2026 жылы 5 тәртіптік шара көрілген.Жалпы көрілген 5 тәртіптік шараның 2 мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік шара болып табылады. Атап айтқанда, ауылдық округі әкімі Х.Ирисметовке және ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Махсудовқа ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 44-бабының 3 тармағының 4 тармақшасына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік шарасы қолданылған. Сонымен қатар, ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан бірнеше рет мемлекеттік сатып алу жүргізу барысында заңнама нормаларын бұзғаны анықталған. Атап айтқанда мемлекеттік сатып алу саласында орын алған заң бұзушылықтар үшін ауылдық округі әкімінің м.у.а Ш.Сиддиковқа аудан әкімінің 22.04.2026 жылғы №148 өкімімен «сөгіс», ауылдық округінің әкімі Х.Ирсметовке аудан әкімінің 21.07.2025 жылғы №330 өкімімен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған. |
Манкент ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Қыркүйек |
|
5 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 23.01.2026 жылғы №56 қаулысымен Қарамұрт ауылдық округінде 11 штаттық бірлік бекітілген. Жалпы 2026 жылы 5 тәртіптік шара көрілген. Ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан орындаушылық тарап және жұмыс режимін сақтамау фактілері брінеше рет орын алды. Атап айтқанда, 19.06.2026 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде ауылдық округі әкімі және аппарат қызметкерлері тарапынан жұмыс уақыты режимі сақталмайтыны анықталған (тиісті түрде акт толтырылып, кінәлі қызметкерлерге шара көрілді). Сонымен қатар, аудан әкімінің төрағалығымен 22.06.2026 жылы өткен аппараттық мәжілісінің 4 тармағына сәйкес зейнетақы жарнасы, еңбек және сақтандыру шарты бойынша әлеуметтік салада тиісті жұмыстар мен ауыл округінде санитарлық тазалық жұмыстарын өз деңгейінде жүргізбегені үшін ауыл әкіміне шара көру мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Д.Абылгазиевтің 25.06.2026 жылғы шығыс №1416 қызметтік хатында Қарамұрт ауылдық округінде 1 отбасыға атаулы-әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалғаны анықталған. |
Қарамұрт ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Қыркүйек |
|
6 |
Сайрам ауданы әкімдігінің 23.01.2026 жылғы №56 қаулысымен Қарасу ауылдық округінде 16 штаттық бірлік бекітілген. Жалпы 2026 жылы тәртіптік шара көрілмеген. Алайда, ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан бірнеше рет орындаушылық тарап және жұмыс режимін сақтамау фактілері брінеше рет орын алды. Атап айтқанда, 17.06.2026 жылы және 01.07.2026 жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде ауылдық округі әкімі және аппараты қызметкерлері тарапынан жұмыс уақыты режимі сақталмайтыны және іскерлік киім кию тәртібі бұзылғандығы анықталған (тиісті түрде акт толтырылып, түсініктемелер алынған). Сонымен қатар, аудан әкімінің төрағалығымен 22.06.2026 жылы өткен аппараттық мәжілісінің 4 тармағына сәйкес зейнетақы жарнасы, еңбек және сақтандыру шарты бойынша әлеуметтік салада тиісті жұмыстар мен ауыл округінде санитарлық тазалық жұмыстарын өз деңгейінде жүргізбегені үшін ауыл әкіміне шара көру мәселесі қарастырылған. Осыған орай, ауыл әкімі А,Бурбековтен бірнеше рет түсініктеме сұратылған. Алайда, ауыл әкімі тарапынан түсініктемелер ұсынылмай, орындаушылық тәртіптің төмен деңгейі көрсетілген. Сондай-ақ Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Д.Абылгазиевтің 25.06.2026 жылғы шығыс №1416 қызметтік хатында Қарасу ауылдық округінде 2 отбасыға атаулы-әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалғаны анықталған. |
Қарасу ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдыларымен білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту мен курстар өткізу. |
Жиналыс хаттамасы |
|
Қыркүйек |