Отырар ауданы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

«Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағында Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын жергілікті атқарушы органдар бекітедігі көзделген.

    Ал, Мемлекеттік мекеменің «Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы» ережесінің 15-тармағының 13) тармақшасында «аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді», 26) тармақшасында «көшпелi сауданы арнайы белгiлеген орындарын жүзеге асырады» - деп  көрсетілген.

Алайда Отырар ауданында 2024 жылдан бүгінгі таңға дейін Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары, көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар мен маршруттар айқындалмаған және туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізілмеген.

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бекіту туралы», «Отырар ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне дүңгіршіктерді қоспағанда, автодүкендерде және (немесе) шатырларда павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу және бекіту туралы» және «Отырар ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің жобасын ұсыну және оны тіркетуді ұйымдастыру ұсынылды.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, Нормативтік құқықтық актіні тіркету;

 

30.09.2026

2

«Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бойынша 16 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 13.10.2023 жылғы № 6/41-VIII шешiмiне (бұдан әрі - Қағида) талдау жасалды.

Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін белгілеген.

Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасында Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет); Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, соларға теңестірілген адамдарға және еңбек ардагерлеріне санаторий-курорттық емделуге – бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілетіндігін көрсеткен.

Алайда ішкі талдау жүргізу барысында санаторий-курорттық емделуге көрсетілетін қызметті Отырар ауданы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетіп келгені белгілі болды.

Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасындағы санаторий-курорттық емделуге көрсетілетін қызметі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір реттік көрсетілетін әлеуметтік көмек екендігі жөніндегі мағына беріп тұр.

Алайда, 2025 жыл мен 01.06.2026 жыл аралығында санаторий-курорттық емделуге көрсетілген қызметті алушылардан мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын құжаттар жинақталмаған.

Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 12-тармағының талабы сақталынбаған.

Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 13.10.2023 жылғы № 6/41-VIII шешiмiмен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасындағы санаторий-курорттық емделуге көрсетілетін қызметті жүзеге асыруды Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауыстыруды және санаторий-курорттық емделуге көрсетілген қызметті алушылардан мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын дәлелді құжаттарын жинақтаумен жүргізу ұсынылды.

 

Жұмыс тобының жетекшісіне көрсетілетін қызметті берушіні  ауыстырылғаны жөнінде ақпарат хат.

 

30.09.2026

3

«Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде заңсыздықтарды бұзу фактілері анықталды.

Атап айтқанда 2025 жылғы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл щаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың(жалға алудың) шарттары арнайы журналға тіркелмеген.

ҚР Жер кодексінің 33-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасының екінші бөлігінде «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады»-деп көрсетілген талабы бұзылған.

03.04.2025 жылғы №392 «Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың(жалға алудың) үлгілік шарты» негізінде Отырар ауданының жер қатынастары бөлімімен Жанжігіт Бейбітхан Шарапханұлымен шарт түзілген.

Алайда Жанжігіт Бейбітхан Шарапханұлы өз иелігінде жер учаскесін Бексултанов Джаканшаға жер учаскесінің жалға уақытша жер пайдалану құқығын сатқан.

Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі Бексултанов Джаканшаға 07.04.226 жылы №484 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгілі шартын жасаған.

Яғни, Жанжігіт Бейбітхан Шарапханұлы өзінің иелігінде жер учаскесін пайдалануды бес жылға толмай, оны Бексултанов Джаканшаға сатқан.  Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі жалға пайдалану мерзімі бес жылға толмаған  жер учаскені келесі адамға жалға алу шартын жасаған.

07.04.226 жылы №484 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгілі шартын бұзу туралы шарт жасау.

Шартты тіркету

 

31.08.2026

4

.«Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша бұзушылықтар анықталды.

      Мекемемен Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтар қабылданады. Аталған бұйрықтарды тіркеу журналы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.08.2023 жылғы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкестендірілмеген.

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтарды тіркеу журналы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.08.2023 жылғы
№236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкестендіру ұсынылды.

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтарды тіркеу журналын жасау. Жұмыс тобының жетекшісіне ақпарат.

 

31.08.2026

 

Дата публикации
30 сентября 2026