Мақтаарал ауданы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Азаматтар тұрғын үйлерінің жер учаскелерін мамандардың қайта өлшеп сызған сызбасына сәйкес жеке меншік құқығымен қайта бекітіп беру үшін кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді. Аталған әкімшілік рәсім ешқандай нормативтік құқықтық актімен регламенттелмейді және ауыл тұрғындарының басым бөлігі өз өтініштерін әкімшілік ғимаратқа келу арқылы жауапты мамандармен тікелей қарым-қатынас жасай отыра береді. Бұл рәсім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.

Тұрғын үйлердің жер учаскелерін қайта өлшеп бекітіп беру әкімшілік рәсімін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ендіру және аталған рәсімді толығымен электронды түрде жүргізу туралы ұсынысхат жолдау.

 

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жолданған ұсыныс хат

 

Тамыз

2

Кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері кірістер басқармасынан келген хабарламалар мен салық бұйрықтарын жеке салық төлеушілердің мекенжайларына барып, қолма-қол тапсырып, салық түсімдерінің уақытылы түсуін қамтамасыз етуде. Салық төлеушілермен тікелей қатынас құрылған, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ендіру және аталған рәсімді толығымен электронды түрде жүргізу туралы ұсыныс хат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жолданған ұсыныс хат

 

Тамыз

3

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі тарапынан көрсетілетін мынадай мемлекеттік қызмет түрлері:

– тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

– тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

– тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру;

– тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу сияқты мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызметтер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электрондық үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) және қызметті берушінің кеңсесіне тікелей бару арқылы жүзеге асырылады. Алайда, қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігі болуына қарамастан қызмет алушылардың басым бөлігі мекеме кеңсесіне тікелей бару арқылы мемлекеттік қызмет алатындығы анықталды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына алып келуі мүмкін.

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және сервисті пайдалануға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арнайы ұсыныс хат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жолданған ұсыныс хат

 

Тамыз

4

Мақтаарал аудандық прокуратурасының ұсыныс хатында бұйрықтың талаптарына сәйкес арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімі мемлекеттік қызмет көрсетуден  бас тартуға негіз болатындығына қарамастан бөлім тарапынан бұрын сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға тракторшы-машинистердің куәліктерін беру фактілері орын алғандығы көрсетілген. Бұйрықтың 17-тармағында: Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: 3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі бойынша оның негізінде көрсетілетін қызметті алушыны көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексереді деп көрсетілген. Зерделеу барысында бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және пайдалануға рұқсат алынбағандығы анықталды. Бұл өз кезегінде қызмет алушының  көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексеруге кедергісін келтіреді.

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және сервисті пайдалануға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне арнайы ұсыныс хат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жолданған ұсыныс хат

 

Тамыз

5

Мақтаарал ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықытыру және спорт бөлімі (бұдан әрі – бөлім)  тарапынан спорттық іс-шараларды өткізу барысында немесе спорттық жарысқа баратын кезде спорт бөлімдегі мемлекеттік қызметкердің атынан корпоративтік счет ашылып, сол арқылы іссапар шығындары өтеледі. Бектілген облыстық жарыстарға спортшыларды апару барысында бөлімнің қызметкері өкіл ретінде барып, спортшыларды іссапар шығындарын көтереді. Осы тұста, іссапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қолжетімді болады, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іссапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болмақ.

Бөлінген қаражаттың үшінші тұлғаға қолжетімді болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу мақсатында іссапар шығындарын шектік соммамен есептеп, тікелей бапкердің шотына аудару жұмыстарын үйлестіру жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жолданған ұсыныс хат

 

Тамыз

6

Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу әкімшілік рәсімі жүргізіледі. Аталған әкімшілік рәсімдердің міндеттемелері (қызмет көрсету мерзімі, тәртібі) нормативтік құқықтық актілермен реттелмейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енбеген. Сонымен қатар, аталған қызметті алушылар қызметті мемлекеттік мекемеге тікелей бару арқылы алуда. Бұл, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу әкімшілік рәсімін уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге және қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актісін қабылдауға тиісті органдарға ұсынысхат жолдау.

Облыс әкімінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жолданған ұсыныс хат

 

Тамыз

 

Дата публикации
30 сентября 2026