СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
2025 жылғы 15 мамырдағы №26 бұйрық негізінде бөлімнің тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспекторы Б.Амангелді, 2025 жылдың 15-16 мамыр аралығында қызметтік қажеттілікке байланыстыіссапарға жіберілген. Алайда, талдау нәтижесінде қызметкерлерді іссапарға жіберу кезінде іссапардың мақсаты мен қажеттілігін растайтын тиісті негіздеме құжаттарының болмауы фактілері анықталды. Бұл ретте, негіздемесіз іссапарға жіберу жағдайлары жүйелі түрде орын алған. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: -2025 жылғы 01 маусымдағы №31 бұйрық; - 2025 жылғы 27 тамыздағы №47 бұйрық; - 2025 жылғы 06 қазандағы №56 бұйрық; - 2026 жылғы 05 қаңтардаңы №1 бұйрық; - 2026 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрық; - 2026 жылғы 13 сәуірдегі №4 бұйрық. Яғни, нақты қызметтік қажеттіліксіз, мақсаттары мен нәтижелері құжатпен расталмай, негіздеме құжаттарынсыз,бюджет қаражаты есебінен жүйелі түрде жіберілген. Бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, бақылаудың жеткіліксіздігі және лауазымды тұлғалардың өз қалауынша шешім қабылдау мүмкіндігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелін қалыптастырады. |
Іссапарға негіз болатын шақырту хаттарындағы нақты күндер мен уақытты ескеріп, іссапар ұзақтығын құжаттық дәлелдерге сәйкестендіруді міндеттеумен қатар, мемлекеттік бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану қағидаттарын сақтау мақсатында іссапар рәсімдерін бақылауды күшейту. |
Түсіндірме жұмыстарының хаттамасы |
|
Қазан |
|
2 |
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы 2001 жылғы 29 тамыз №1127 санды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 3 бөлігіне сәйкес, Сыйлық беру шарттары көрсетілген. 2001 жылғы 29 тамыз №1127 санды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 4 бөлігіне сәйкес оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйақы берілмейді делінген. Алайда, бөлімнің сектор меңгерушісі Н.Сұлтанмұраттың 03.02.2025 жылғы №5 бұйрығымен «сөгіс», 13.02.2025 жылғы №14 бұйрығымен «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралары бола тұра, 23.06.2026 жылы №33 бұйрықпен біржолғы 197 000 теңге ақшалай сыйақы берілген. Осы сипаттағы сәйкессіздік қайта орын алған. Яғни, бөлімнің бас маманы А.Әбентаеваның 28.07.2025 жылғы №42 бұйрығымен «ескерту», бөлімнің күзетшісі Б.Салайдиновтің 24.09.2026 жылғы №50 бұйрығымен «ескерту» және 14.10.2025 жылғы №60 бұйрығымен «сөгіс», бөлімнің тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспекторы Ж.Нұрханның 26.09.2025 жылғы №51 бұйрығымен «қатаң сөгіс», бөлімнің бас маманы Н.Патсаевтың 02.10.2025 жылғы №55 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралары бола тұра, 15.12.2025 жылғы жылы №70 бұйрықпен аталған қызметкерлерге біржолғы 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген. Осылайша, тәртіптік жазалары алынбаған қызметкерлерге сыйлықақы төлеу фактілері анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді. Аталған жағдайлар сыйлықақы тағайындау кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына бақылаудың жеткіліксіздігін және сыйлықақы беру рәсімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін жағдайлардың бар екенін көрсетеді. |
Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу кезінде ҚР Үкіметінің №1127 қаулысының талаптарын қатаң сақтау «Сыйақы төлеу қағидалары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жауапты тұлғаның жауапкершілігін қарау. |
Түсіндірме жұмыстарының хаттамасы, Тәртіптік шара көру туралы бұйрық көшірмесі |
|
Қыркүйек |
|
3 |
«Кентау қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тарапынан Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында белгіленген сотқа талап қою мерзімі сақталмағаны анықталды. Соның салдарынан сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартып, мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану мүмкіндігі жоғалған. Аталған жағдай талап қою мерзімдерінің сақталуына тиісті бақылаудың жеткіліксіздігі. |
Мемлекеттік сатып алу бойынша сотқа талап қою мерзімдерінің сақталуына тұрақты бақылау орнату, жауапты қызметкерлерге мерзімдерді сақтау бойынша нақты міндеттер жүктеу және осындай бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу жөнінде ұйымдастырушылық шаралар қабылдау. |
Түсіндірме жұмыстарының хаттамасы |
|
Қазан |
|
4 |
Талдау жүргізілген кезеңде Кентау қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу тәртібінде бірқатар рәсімдік сәйкессіздіктер орын алғаны анықталды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 23 қаңтардағы №1-і бұйрық негізінде бөлімнің инспекторы мен статист Д.Азизбаева 23 қаңтарынан бастап Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2025 жылғы 22 сәуірдегі №8-і бұйрық; - 2025 жылғы 24 сәуірдегі №9-і бұйрық; - 2025 жылғы 28 қазандағы №17-і бұйрық; 2026 жылғы 26 наурыздағы №8-і бұйрық; Аталған бұйрықтармен іссапар мерзімі іс-шара нақты өткізілген бір күнге ғана белгіленгеніне қарамастан, екі күн етіп бекітілген. Бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, бақылаудың жеткіліксіздігі және лауазымды тұлғалардың өз қалауынша шешім қабылдау мүмкіндігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелін қалыптастырады. |
Іссапарға негіз болатын шақырту хаттарындағы нақты күндер мен уақытты ескеріп, іссапар ұзақтығын құжаттық дәлелдерге сәйкестендіруді міндеттеумен қатар, мемлекеттік бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану қағидаттарын сақтау мақсатында іссапар рәсімдерін бақылауды күшейту. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77-бабы 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға жұмыскерді оның жазбаша келісімімен ғана тартуға жол беріледі. Алайда, 2025 жылғы 03 наурыздағы №23 ж/қ бұйрығымен бөлімнің еден жуушысы Ш.Исмаиловаға оның жазбаша келісімі алынбастан қосымша міндеттер жүктелгені анықталды. Сонымен қатар, аталған бұйрықтың преамбуласында міндеттерді жүктеу және қосымша ақы төлеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сілтеме жасалмаған, сондай-ақ бұйрықтың құқықтық негіздемесі толық көрсетілмеген. Осыған байланысты, бұйрықты рәсімдеу кезінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты тәуекелдер орын алуы мүмкін. |
Қосымша міндеттерді қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүктеу және бұйрықтардың құқықтық негіздемесін толық көрсету.Еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
6 |
Талдау барысында бөлімнің 2025 жылғы 10 маусымдағы №57 ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 38-бабына сәйкес бөлімнің бос тұрған бас маман лауазымының міндеттері бөлімнің бас маманы А.Сүлейменовке уақытша жүктелгені анықталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің аталған міндеттерді орындауға келісім бергенін растайтын құжаттар анықталмады. Нәтижесінде, міндеттерді уақытша жүктеу рәсімін құжаттамалық ресімдеудің толықтығы қамтамасыз етілмеген. |
Бос лауазым міндеттерін уақытша жүктеу кезінде қызметкердің жазбаша келісімін қамтамасыз ету. Кадрлық құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қазан |
|
7 |
Қалалық кәсіперлік және ауыл шаруашыығы бөлімнің 04.07.2025 жылғы №67 ж/қ бұйрығына сәйкес, бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне «Астана күні» мерекесіне орай |
Сыйақы төлеу туралы әрбір бұйрық нақты еңбек көрсеткіштері мен жазбаша ұсынысқа негізделіп қабылдануы. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қазан |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111-бабының 3-тармағына сәйкес, қосымша жұмысты орындау жұмыскердің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады. Алайда 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №111-н ж/қ бұйрығымен бөлімнің тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспекторы М.Жаңатаеваға оның жазбаша келісімі алынбастан қосымша міндеттер жүктелгені анықталды. Аталған сәйкессіздік |
Қосымша жұмыстарды жүктеу кезінде қызметкерлердің жазбаша келісімдерін алу. Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
9 |
Қалалық коммуналдық мүліктің есепке алынуын және шығарылуын қамтамасыз ету бөлім қызметкерлерінің өзге заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысы болу ықтималы болғандықтан, сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі болуы мүмкін. Мысалы, ғимарат немесе басқа мүліктерді сатып алу сатысында бағасын жасанды жоғары қойып, және коммуналдық мүлікті есептен шығару кезегінде қызметкерлер арасында сөз байласуы мүмкін. |
Коммуналдық мүлікті басқару және қаржыландыру барысында ішкі бақылауды күшейту. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
10 |
Жекешелендіру және мүлікті жалға беру, қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды мамандар өзге заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысы болу ықтималы болғандықтан, сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі болуы мүмкін. Себебі, бөлім қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысына әкеледі. Мысалы, жалға алушының мүлікті заңсыз қолдануы. (келісімшарттың мерзімі аяқталуы) Сенімгерлік басқарушыдан келісім шарт талаптарын толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. |
Заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардан заң және келісімшарт талаптарын қатаң ұстану қажет, толық орындалуын талап ету, орындалмауына жол бермеу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығының талаптарын сақтау. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес басқа қызметкердің міндеттерін уақытша атқару (қоса атқару) қызметкердің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады. Бөлімнің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №01 ж/қ бұйрығымен бөлім кеңесшісі А.Рысбалаевтың жалақысы сақталмайтын демалыста болуына байланысты оның міндеттерін уақытша атқару бөлім кеңесшісі Н.Мұханға жүктелген. Талдау барысында А.Рысбалаевтың жалақысы сақталмайтын демалысқа шығуына негіз болған өтініші мен тиісті бұйрық рәсімделмегені анықталды. Осыған байланысты міндеттерді уақытша жүктеудің негізділігін растау мүмкін болмады. Яғни өтініші тіркелмеген. Сонымен қатар, Н.Мұханның аталған міндеттерді уақытша атқаруға берген жазбаша келісімі ұсынылмаған. Сондай-ақ, бұйрық шығаруға негіз болған ұсыныс хатта бөлімнің сектор меңгерушісінің қолы жоқ екені анықталды. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2026 жылғы 2 ақпандағы №07 ж/қ бұйрық; -2026 жылғы 17 ақпандағы №14 ж/қ бұйрық. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77-бабының 1-тармағына сәйкес үстеме жұмысқа тарту қызметкердің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады. |
Қызметкерлерге міндеттерді уақытша жүктеу кезінде барлық құжаттардың толық рәсімделуін қамтамасыз ету. Кадрлық құжаттарды рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
12 |
Бөлімнің іс-сапар бұйрықтары ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына» сәйкес дұрыс рәсімделмеген, яғни бұйрықтардың нысанасы үлгілік нысанаға сәйкес келмейді, тәулік ақы, тұрғын үй жалдау күні көрсетілмеген. |
Іссапар бұйрықтарын қолданыстағы қағидаларға сәйкес рәсімдеу. Іссапар рәсімдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
13 |
001 бағдарламасы бойынша, 2025 жылдың наурыз айында Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарына іс-сапар шығындарына 52 814 теңге артық аударылған. Атап айтсақ, бөлімнің бас маман есепшісі Ж.У.Темирбаевқа 32 456 теңге және бөлімнің кеңесшісі А.К.Рысбалаевқа 20 358 тенге (төлем шоты №451513/25-520 31 наурыз 2025ж., №451513/25-1951 20 тамыз 2025ж.). |
Артық төленген іссапар шығындарын бюджетке толық қайтаруды қамтамасыз ету. |
Қайтарылған қаражаттың төлем құжаттары
|
|
Қыркүйек |
|
14 |
2026 жылғы 12 наурыздағы №3 іссапар туралы бұйрыққа сәйкес, Л.Азизбаева Түркістан қаласына 2 күн мерзімге іссапарға жіберілген. Талдау барысында аталған бұйрыққа негіз болған іссапардың мақсаты мен қажеттілігін растайтын құжаттар ұсынылмағаны анықталды. Осындай сипаттағы сәйкессіздіктер аталған қызметкерге қатысты өзге де бұйрықтарда орын алған. Осылайша, іссапарларды құжаттамалық рәсімдеудің талапқа сай жүргізілмеуі жұмыс уақытын және еңбек демалысы күндерін есепке алу кезінде қателіктерге жол берілуіне, сондай-ақ бюджет қаражатының негізді жұмсалуын растауда тәуекелдердің туындауына алып келуі мүмкін. |
Іссапарға негіз болатын шақырту хаттарындағы нақты күндер мен уақытты ескеріп, іссапар ұзақтығын құжаттық дәлелдерге сәйкестендіруді міндеттеумен қатар, мемлекеттік бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану қағидаттарын сақтау мақсатында іссапар рәсімдерін бақылауды күшейту. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
15 |
2025 жылғы 10 ақпандағы №3 жеке құрам бойынша бұйрықпен Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің мұрағатшысы Б.Н.Бекбайға қоса атқарған міндеттері үшін лауазымдық айлықақысының 30 пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленген. Талдау барысында бұйрықтың негіздемесінде сектор меңгерушісі А.Шамановтың қызметтік хаты көрсетілгенімен, іс материалдарында бас маман К. Ералиевтың ұсынысы тіркелгені анықталды. Сонымен қатар, бұйрық негіздемесінде Б.Н.Бекбайдың келісімі бар екендігі көрсетілгенімен, ұсынылған құжаттарда қызметкердің қол қойылған жазбаша келісімі болмаған. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да анықталды: - 27.03.2025 жылғы №8 бұйрық; - 25.06.2025 жылғы №17 бұйрық. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77-бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Осылайша, кадрлық рәсімдерді құжаттамалық ресімдеудегі аталған сәйкессіздіктер еңбек қатынастарын жүргізудің дұрыстығына, төлемдерді есептеу мен төлеудің негізділігіне қатысты тәуекелдердің туындауына алып келуі мүмкін. |
Қосымша жұмыстарды жүктеу кезінде қызметкерлердің жазбаша келісімдерін алу. Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
16 |
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті. Алайда,Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі орналасқан ғимаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары толық орналастырылмаған. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау. Профилактикалық бақылау нәтижесінде Бөлімде көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің бұзу бойынша 1 дерек анықталды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы, 3-қосымшасының «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының 2-тарау, Алайда, Бөлім қызмет алушылардың өтініштерін тиісті мерзімде тіркемегендіктері анықталды. Атап айтқанда, KZ50RBD03725934 санды өтініштерінде орын алған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың толық орналастырылмауы мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін төмендетіп, қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді. |
Қызмет алушылар тарапынан келіп түскен өтініштерді Қағида талаптарына сәйкес келіп түскен күні тіркеу; Бөлім орналасқан ғимаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын толығымен орналастыру; Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасын қатаң сақтау. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
17 |
ҚР Еңбек кодексінің 77 бабының 1 тармағында ҚР Еңбек кодексінің 55 бабының 2 тармағында «Жұмыскердің жазбаша өтініші және басқа заңды тұлғаның жұмысқа қабылдауға келісуі туралы жазбаша растамасы еңбек шартын тоқтату үшін негіздер болып табылады. Еңбек шартын тоқтату күні тараптардың келісімі бойынша айқындалады.» деп көрсетілген. Алайда, бөлімнің 2025 жылғы 31 қаңтардағы №10 ж/қ бұйрығымен спорт нұсқаушысы Б.Самиевты жұмыстан босатқан. Бұйрықтың негіздемесі Б.Самиевтың өтініші тіркелмеген. |
Кадрлық іс жүргізу құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рәсімдеу. Еңбек заңнамасы талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
18 |
ҚР Еңбек кодексінің 95 бабының 1 тармағында «Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.» деп көрсетілген. Алайда, 11.07.2025 жылғы №18 бұйрығымен бөлімнің еден жуушысы А.Богутдинованың жазбаша келісімінсіз еңбек дамалысынан шақыртылған. |
Қызметкерлерді еңбек демалысынан кері шақырту, қосымша міндеттер жүктеу және қосымша ақы белгілеу кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкерлердің жазбаша келісімдерін алу және бұйрықтардың негіздеме бөлігінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді толық көрсету қамтамасыз ету. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
19 |
Кентау қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де 2025 және 2026 жылдардағы іссапарларға байланысты бұйрықтармен жауапты қызметкерлердің таныстырылмағаны анықталды. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77-бабының 1-тармағына және 111-бабының 3-тармағына сәйкес үстеме жұмысқа тарту, уақытша міндеттерді жүктеу және еңбек демалысынан кері шақыру қызметкердің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Алайда зерделенген 2025-2026 жылдардағы бұйрықтар бойынша қызметкерлердің жазбаша келісімдері ұсынылмаған. Бұл жағдай жүйелі түрде орын алуда. |
Қызметкерлерді іссапарға жіберу, үстеме жұмысқа тарту, уақытша міндеттерді жүктеу және еңбек демалысынан кері шақыру кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкерлердің жазбаша келісімдерін алу және бұйрықтармен қол қойғызып таныстыру қамтамасыз ету. Кадрлық іс жүргізу құжаттарының заңнама талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылау күшейтілсін және жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
20 |
Талдау жүргізілген кезеңде, ауыл әкімі аппаратының қызметкерлерін үстеме жұмыстарға тарту тәртібінде рәсімдік сәйкессіздіктер орын алғаны анықталды. ҚР Еңбек кодексінің 77 бабының 1 тармағында «Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.» деп көрсетілген талаптар бұзылған. Атап айтқанда, 2025 жылғы 06 қаңтардағы №4 өкім негізінде Ащысай ауылы әкімі аппаратының бас маманы Т.Есалыға бос орынның міндеті жүктеліп, 50 пайыз үстемеақы төленген. Бұйрықта бас маманы Т.Есалының келісімі негізге алынып тігілмеген. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2025 жылғы 06 қаңтардағы №5 өкім; - 2025 жылғы 24 ақпандағы №28 өкім; - 2025 жылғы 07 наурыздағы №34 өкім; - 2025 жылғы 03 шілдедегі №75 өкім; - 2025 жылғы 19 тамыздағы №88 өкім; - 2025 жылғы 04 қыркүйектегі №97 өкім; - 2025 жылғы 05 қаңтардағы №3 өкім. |
Еңбек заңнамасы талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын және құжат айналымы талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізу.
|
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
21 |
Талдау жүргізілген кезеңде, ауыл әкімі аппаратының ҚР Еңбек кодексінің 77 бабының 1 тармағында «Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.» деп көрсетілген талаптар бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 05 қаңтарындағы №1-н өкім негізінде Байылдыр ауылы әкімі аппаратының хатшы Г.Өтебаева мен қарауыл Ф.Оспановқа жұмыс көлемінің ұлғайуына байланысты қызметкерлердің жазбаша келісімінсіз 0,25 бірлік әрқайсысына жүктелген. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2025 жылғы 17 сәуірдегі №13-н өкім; - 2025 жылғы 12 мамырдағы №19-н өкім; - 2025 жылғы 02 маусымдағы №22-н өкім; - 2025 жылғы 10 шілдедегі №27-н өкім. |
Қызметкерлерге қосымша міндеттер жүктеу және үстеме ақы төлеу кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарының сақталуы, қызметкерлердің жазбаша келісімдерінің алынуы және өкімдердің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рәсімделуін қатаң сақтау. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
22 |
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы»2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сай, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті. Көрсетілетін қызметті алушылардың орналасу жерлерінде және мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандарының үлгілерінің бар болуы делінген. Алайда, ауыл әкімі аппаратымен көрсетілетін қызметті алушыларға «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын мәліметтер толық орналастырылмаған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың толық орналастырылмауы мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін төмендетіп, қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді. |
Қызмет алушылар тарапынан келіп түскен өтініштерді Қағида талаптарына сәйкес келіп түскен күні тіркеу; Бөлім орналасқан ғимаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын толығымен орналастыру; Жұмыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасын қатаң сақтау. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
23 |
1. ҚР Еңбек кодексінің 95 бабының 1 тармағында «Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.» деп көрсетілген. Алайда, 05 қаңтар 2025 жылғы №1 өкімімен Қарнақ ауылы әкімі аппаратының статисті М.Хасанбаев жазбаша келісімінсіз еңбек дамалысынан шақыртылған. - 2025 жылғы 16 мамырдағы №57 өкім; - 2025 жылғы 30 мамырдағы №62 өкім; 2. Талдау жүргізілген кезеңде, ауыл әкімі аппаратының ҚР Еңбек кодексінің 77 бабының 1 тармағында «Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.» деп көрсетілген талаптар бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 05 қаңтарындағы №4-н өкім негізінде Қарнақ ауылы әкімі аппаратының бөлімше басшысы И.Юсуповтың келісімінсіз жұмыс көлемінің ұлғайуына байланысты 50 пайыз үстеме ақы төлеп жүктелген. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2025 жылғы 10 қаңтардағы №5-н өкім; - 2025 жылғы 5 қаңтардағы №12 өкім; - 2025 жылғы 28 қаңтардағы №13 өкім; - 2025 жылғы 07 ақпандағы №20 өкім; - 2025 жылғы 18 наурыздағы №36 өкім; - 2025 жылғы 04 сәуірдегі №44 өкім; - 2025 жылғы 02 қыркүйектегі №117 өкім; Сонымен қатар, Қарнақ ауылы әкімі аппаратының күзетшісі Н.Насимовқа еңбек демалысын беріп, күзетшілер Н.Ташханов пен Ш.Аседовқа келісімсіз міндет жүктеп 50 пайыз үстеме ақы төлеу туралы 04.03.2026 жылғы № 30 өкімі қабылданған. Бұйрықтың /преамбуласында/ мазмұнында міндет жүктеу мен қосымша ақы төлеу бойынша нармативтік құқықтық актілерінің талаптарын негіздемеге алмаған. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2025 жылғы 03 наурыздағы №33 өкім; - 2025 жылғы 08 шілдедегі №84 өкім; - 2025 жылғы 19 тамыздағы №112 өкім; |
Қызметкерлерді іссапарға жіберу, үстеме жұмысқа тарту, уақытша міндеттерді жүктеу және еңбек демалысынан кері шақыру кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкерлердің жазбаша келісімдерін алу және бұйрықтармен қол қойғызып таныстыру қамтамасыз ету. Кадрлық іс жүргізу құжаттарының заңнама талаптарына сәйкестігіне ішкі бақылау күшейтілсін және жауапты қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
24 |
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы 2001 жылғы 29 тамыз №1127 санды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 3 бөлігіне сәйкес, Сыйлық беру шарттары көрсетілген. 2001 жылғы 29 тамыз №1127 санды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 4 бөлігіне сәйкес оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйақы берілмейді делінген. Алайда, Қарнақ ауыл әкімі аппаратының статисті Қ.Ахметовке 21 мамыр 2025 жылғы №60 өкімімен «Ескерту» тәртіптік шарасы бола тұра, 10 қараша 2025 жылы №148 өкіммен 6 ай мерзім өтпей тұрып қайта «Ескерту» тәртіптік шара бірілген. Тәртіптік шарасы бола тұра, 15 желтоқсан 2025 жылғы №164 өкімімен Қ.Ахметовке 126 263,84 теңге сыйақы тағайындалған. |
Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу кезінде ҚР Үкіметінің №1127 қаулысының талаптарын қатаң сақтау«Сыйақы төлеу қағидалары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |
|
25 |
Талдау жүргізілген кезеңде, ауыл әкімі аппаратының ҚР Еңбек кодексінің 77 бабының 1 тармағында «Осы баптың Атап айтқанда, 2025 жылғы 26 наурыздағы №26-н өкім негізінде Хантағы ауылы әкімі аппаратының бас маманы Д.Исаев кезекті еңбек демалысына шығуына байланысты бас маман А.Темировке 40 пайыз үстеме ақымен міндетін жүктеген. Алайда, А.Темировтың келісімінсіз міндет жүктелген. Ең түсініксізі, әкім орынбасары Б.Алиманов бас маман С.Абироваға міндет жүктеу туралы ұсыныс енгізілген. Осы сипаттағы рәсімдік сәйкессіздіктер келесі бұйрықтарда да қайталанған: - 2025 жылғы 11 сәуірдегі №30-ж өкім; - 2025 жылғы 08 шілдедегі №56-ж өкім; - 2025 жылғы 03 қарашадағы №82-ж өкім. |
Қызметкерлерге уақытша міндеттер жүктеу және қосымша ақы белгілеу кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкерлердің жазбаша келісімдерін алу қамтамасыз етілсін. Міндеттерді уақытша жүктеу туралы өкімдерді әзірлеу барысында ұсыныс хаттар мен өкімдердің мазмұнының сәйкестігіне бақылау күшейтіліп, негіздеме құжаттарының толық әрі дұрыс рәсімделуі қамтамасыз ету. |
Түсіндірме жұмысының хаттамасы. |
|
Қыркүйек |