СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Келес ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар (дербес бөлімдер) және ауыл мен ауылдық округі әкімі аппараттары ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық пен Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сай бекітіледі. Мемлекеттік мекемелердің салалық ерекшелігіне қарай аудандық деңгейдегі жалпы бірыңғай құзыреттер мен міндеттері қолданыстағы заңнама нормаларындағы нақтылап белгіленген тұтас талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейіндегі бекітілуі қажет. Ал қолданыстағы заңнама нормаларындағы тізбеленген нақты салалық ерекшелігі ескеріле отырып бекітілген құзыреттері мен міндеттері бекітілген аудандық деңгейдегі әкімдіктерге қатысты бірыңғай Ережелер дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды болдырмауға ықпал етеді.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы заңнама нормаларындағы тізбеленген нақты салалық ерекшелігі ескеріле отырып бекітілген құзыреттері мен міндеттері бекітілген аудандық деңгейдегі әкімдіктерге қатысты бірыңғай Ережелер бекіту туралы қаулысы |
Түркістан облысы әкімдігі арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс жолдау |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс жолдау |
Қыркүйек |
|
2 |
Келес ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесі үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Кеңес) құрылып үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге тарту қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелеріне бағалау жүргізіп, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау қажет. Аталған Кеңестің құрылмауы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпараттарды ашық жарияламау, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан тапсырыс тақырыптарын талқылау мен қатысу мүмкіндігін шектеуге алып келетіндіктен сыбайлас жемқорлық тәуекелі мүмкіндігін тудыруы мүмкін. |
Келес ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық .жөніндегі кеңесті құру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелеріне бағалау жөніндегі мәліметтерді аудан әкімдігінің ресми интернет ресусында жариялау. |
Аудан әкімдігінің Қаулысы мен аудан әкімдігінің ресми интернет ресусында жарияланған сілтемесі |
|
2026 жылғы 24 қыркүйекке дейін Кеңес құру туралы Қаулы. 2026 жылдың 25 желтоқсаннан кешіктірмей жарияланым сілтемесі |
|
3 |
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18997 болып тіркелді) №252 бұйрығының 5-тармағына сай жерлерді пайдалану мониторингі Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде жүзеге асырылады. Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің қызметтерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамаларда белгіленген тәртіппен сатып алады. Дегенмен жерді қашықтықтан зондтау деректерінің қызметтерін пайдалану бойынша бірыңғай тәжірибелік әдістемелік үйлестірудің болмауынан бұл талапты орындауда қиындықтар туындауда. Ал жер учаскесінің пайдалануы бойынша тек ауылдық округ әкімінің мәліметін пайдалану ғана сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін. |
Жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығының мерзімін ұзарту үшін әдістемелік тәжірибелік көмек, жерді қашықтықтан зондтау деректерінің қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамаларда белгіленген тәртіппен сатып алу бойынша әдістемелік көмек беру. |
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасына хат жолдау |
|
Қыркүйек |
|
4 |
Мониторинг жүргізу қағидасының 11-тармағының 2)қосымшасына сай аудандық Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайтындығы көрсетілген. Бұл ашық ақпараттар жер пайдалану шартының мерзімін ұзартуда ашықтықты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда маңызды болып табылады. |
Аудандық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тарапынан мониторинг жүргізу |
2026 жылғы Мониторинг нәтижелері туралы есепті аудандық әкімдіктің ресми интернет-ресурсында жарияланған сілтемесі |
|
2027 жылғы 15 науызға дейін |