Жетісай ауданы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Жетісай ауданы «Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылы ауылдық округ әкімінің 94 шешімі қабылданған, оның ішінде, елді мекен шегінде жер учаскесін бөлуге қатысты қабылданған ауыл әкімінің кейбір шешімдерінде кемшіліктер орын алған; ауыртпалықтар, сервитуттар және жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы мәліметтер көрсетілмеген. Бұл ҚР Жер кодексінің 44-1-бабының талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

ҚР Жер кодексінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

 

Жиналыс хаттамасы

 

Тамыз

2

Жетісай ауданы «Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне 2025 жылдың қорытындысымен Рустемов Сакен Адилбековике 1 130 (Бір мың бір жүз отыз) теңге, және Рыскулов Айдар Бадирхановичке 1 114 (Бір мың бір жүз он төрт) теңге еңбекақы артық аударылған. Аталған қызметкерлер бүгінгі таңға жұмыстан босатылған. Бұл ҚР Еңбек кодексінің талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

ҚР Еңбек кодексінің  талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

 

Жиналыс хаттамасы

 

Тамыз

3

Жетісай ауданы «Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндеттерді жүктеу кезінде қызметкердің жазбаша келісімі құжаттарға қоса тіркелмеген (алынбаған). Бұл ҚР Еңбек кодексінің талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

ҚР Еңбек кодексінің  талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

 

Жиналыс хаттамасы

 

Тамыз

4

Жетісай ауданы «Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы ауыл әкімімен қабылданған 20.01.2025. №03,  13.03.2025ж. №14 шешімі (15-жұмыс күн кешігіп), ал 04.04.2025ж. №17 шешімі (10-жұмыс күн кешігіп) жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін қабылданып, кемшіліктер орын алған және не себепті кемшілік орын алғандығы туралы дәлелдеме іс құжаттары тіркелмегендігі көрсетілген.Бұл ҚР Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағының талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

ҚР Жер кодексінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

 

Жиналыс хаттамасы

 

Тамыз

5

Жетісай ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушы А.Болатов бала-бақша құрылысы үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну үшін Бөлімге 2026 жылғы 17 наурызда сағат 12:44-те өтініш білдірген  (KZ50RUA01317512). Сәйкесінше, Бөлім аталған өтінішті 2026 жылғы 18 наурызда яғни 1 (бір) жұмыс күнге кешіктіріп кіріске тіркеген. Бұл «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау және қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының (ҚР ҰЭМ 30.11.2015ж. №750 бұйрық, бұдан әрі-Қағида) 37 тармағының талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығының талаптарын сақталуын қамтамасыз ету.

 

Жиналыс хаттамасы

 

Тамыз

 

Дата публикации
30 сентября 2026