Арыс Қаласы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Арыс қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» «Футбол клубы» КММ қызметкерлеріне 2025-2026 жұмыс жылы үшін еңбек демалысы ақысы төленетін заңнамада көзделген мерзімде берілмегені анықталды, қаңтар айына 16 күнтізбелік күн мерзімге 12 қызметкерге, 6 күнтізбелік күн ақпай айында 2 қызметкерге кешіктіріліп берілген. Бұл ҚР еңбек кодексінің еңбек демалысын уақытылы беру жөніндегі талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

Анықталған кемшіліктердің туындау себептерін қарастырып, жауапты маманға тиісті шара қабылдау.

 

Кемшілік жіберген қызметкерлерге  тәртіптік шара көру

 

Тамыз

2

Арыс қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ де талдау барысында бір әдіскер дене шынықтыру және спорт саласына қатысты жұмыстарды жүзеге асырады, екінші әдіскер бухгалтерлік құжаттарды жүргізуге жауапты, ал іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспектор бөлімнің кіріс және шығыс
хат-хабарларын тіркеу және құжат айналымын қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Ал, хатшы лауазымы бойынша нақты функционалдық міндеттердің белгіленбегені, атқаратын жұмыстарының көлемі мен мазмұнының жеткілікті деңгейде айқындалмаған. Нәтижесінде аталған лауазым бойынша функционалдық жүктеменің төмен екендігі байқалады.

Штат санын оңтайландыру мақсатында бос тұрған лауазымды қысқарту мәселесін қарастыру.

Ресми хатпен жауап ұсыну

 

Тамыз

3

Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Талдау барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Төлегенов бөлім басшысының 22.06.2026 жылғы №22 бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберілген. Кейін бөлім басшысының 24.06.2026 жылғы №23 бұйрығымен 1 күннен кейін еңбек демалысынан кері шақыртылған. Нәтижесінде қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының үздіксіз пайдаланылған бөлігі 14 күнтізбелік күнді құрамай, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кемінде бір бөлігі ұзақтығы 14 күнтізбелік күннен кем болмауы туралы талаптары сақталмаған. Сонымен қатар, аталған қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырту кезінде олардың жазбаша келісімі ұсынылмаған.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек  демалысын ҚР Еңбек  кодексінің  талаптарына сәйкес  уақытылы беруді  қамтамасыз ету және  еңбек  заңнамасының сақталуына  тұрақты бақылау  жүргізу.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

4

Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау барысында  Арыс қаласының «Сәулет  және  қала  құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкер Байтлеуова Әлия Серікқызына 2026 жылдың  8 қаңтарынан бастап 31 күнтізбелік күнге жыл сайынғы еңбек  демалысы берілген. 21.01.2026  жылы №4683504/26-4   төлем шоты мен еңбек демалыс ақысы  14 күнтізбелік күнге кешіктіріліп төленген.  Төленетін еңбек  демалысы Қазақстан  Республикасының еңбек  заңнамасында  бергіленген мерзімде берілмегені анықталды. Бұл еңбек  демалысын уақытылы беру  талаптарының сақталмағанын көрсетеді.                                                                                                               

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек  демалысын Қазақстан Республикасы Еңбек  кодексінің  талаптарына  сәйкес  уақытылы беруді  қамтамасыз ету және  еңбек  заңнамасының сақталуына  тұрақты бақылау  жүргізу

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

5

Арыс қаласы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 17 қазандағы №34 бұйрығымен           Ғ.Н. Спатай, сондай-ақ 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №42 бұйрығымен     М.Б. Нуржанов жұмысқа қабылданған. Аталған қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 14-бабының талаптарына сәйкес Мансап орталығының жолдамасынсыз, тек жеке өтініш негізінде қабылдау жүзеге асырылған. ҚР Еңбек кодексінің 23, 32 және                  33-баптарына сәйкес, жұмысқа қабылдау рәсімдері еңбек шартын жасасу, заңнамада көзделген талаптардың орындалуы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Алайда жүргізілген талдау нәтижесінде аталған талаптардың бұзылуы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы анықталды.

ҚР «Еңбек Кодексі» талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

6

Арыс  қаласының  «Жер  қатынастары бөлімі» ММ бөлім басшысы еңбек  демалысында  болған  кезде 30.03-05.04.2026 жыл аралығында       15  төлем шотының оның ЭЦҚ кілтімен қазынашылық жүйесіне  жіберілуі анықталды. ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға пайдалануға беруге жол берілмейтінін ескере  отырып,  алдағы  уақытта  Қазақстан Республикасы заңнамасының  талаптарын қатаң  сақтау қажет.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

7

Арыс  қаласының «Құрылыс  бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бөлім басшысы еңбек  демалысында болған кезеңде қазынашылық жүйесі  арқылы 29.01-02.02.2026ж. 27.04.-04.05.2026 ж. 32  төлем  құжаты  оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылып жібергені анықталды. Бұл жағдай электрондық цифрлық қол таңба иесінің жеке кілтінің құпиялығын қамтамасыз ету және  оны  басқа  тұлғаларға бермеу жөніндегі талаптардың сақталмау тәуекелін көрсетеді.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

8

Арыс  қаласының «Құрылыс  бөлімі» мемлекеттік  мекемесіне талдау барысында бөлімнің бас маманы Б.Битлесов бөлім басшысының 06.01.2026 жылғы №2 ж/қ бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберілген. Кейін бөлім басшысының 08.01.2026 жылғы №3 ж/қ бұйрығымен еңбек демалысынан кері шақыртылған. Сондай-ақ бөлімнің сол кездегі бас маман-есепшісі Н.Тайманов бөлім басшысының 04.02.2026 жылғы №7 ж/қ бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберіліп, бөлім басшысының 10.02.2026 жылғы №8 ж/қ бұйрығымен еңбек демалысынан кері шақыртылған. Нәтижесінде қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының үздіксіз пайдаланылған бөлігі                        14 күнтізбелік күнді құрамай, ҚР Еңбек кодексінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кемінде бір бөлігі ұзақтығы 14 күнтізбелік күннен кем болмауы туралы талаптары сақталмаған.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек  демалысын Қазақстан Рес публикасы Еңбек  кодексінің  талаптарына  сәйкес  уақытылы беруді  қамтамасыз ету және  еңбек  заңнамасының сақталуына  тұрақты бақылау  жүргізу.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

9

Арыс  қаласының «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін тексеру  барысында бөлім  басшысы еңбек  демалысында болған кезеңде қазынашылық жүйесі  арқылы 30.01-01.02.2026 жылы  аралығында 6 төлем  құжаты  оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылып жібергені анықталды. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және  электрондық цифрлық қолтаңба  туралы заңнамасына сәйкес , ЭЦҚ иесі өз кілтінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және оны басқа  тұлғалардың  пайдаланылуына  жол  берілмеуі  тиіс.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

10

 Арыс қаласының «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге қарасты «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкері Еркинбеков Бауыржан Бериковичке  12.03.2026 жылы еңбек  демалысы берліген. 2025-2026 жұмыс жылы үшін  еңбек демалысы   ақы  төленетін еңбек  демалысы заңнамада  көзделген мерзімде  берілмегені анықталды, бір ай мерзімге кешіктіріліп берілген. 12.04.2026 жылы №4583526/26-92 төлем шотымен еңбек  демалысы ақысы, №4583526/26-93 төлем шотымен емделу ақысы төленген.  Бұл Қазақстан Республикасы еңбек  кодексінің еңбек  демалысын уақытылы беру  жөніндегі  талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

Анықталған кемшіліктердің туындау себептерін қарастырып, жауапты маманға тиісті шара қабылдау.

Кемшілік жіберген қызметкерлерге  тәртіптік шара көру

 

Тамыз

11

Арыс  қаласының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде кадрлық құжаттарды зерделеу барысында кейбір бос лауазымдардың ұзақ уақыт бойы бос болып тұрғанына қарамастан, олардың функционалдық міндеттері басқа қызметкерлерге қосымша жүктеліп келген. Ішкі талдау нәтижесінде көшіру-көбейту операторының штат бірлігі                2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап бос тұрғаны, алайда аталған лауазымның міндеттері осы кезеңнен бері бөлімнің екі қызметкеріне қосымша жүктеліп, олардың тарапынан үздіксіз орындалып келгені анықталды. Нәтижесінде аталған  лауазым бойынша көзделген функциялардың мекеме қызметіне әсер етпей орындалуы қамтамасыз етілген. Осыған байланысты, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, штат санын оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында 2020 жылғы          25 желтоқсаннан бері бос тұрған көшіру-көбейту операторының штат бірлігін қысқарту ұсынылады.

Штат санын оңтайландыру мақсатында бос тұрған лауазымды қысқарту мәселесін қарастыру.

Ресми хатпен жауап ұсыну

 

Тамыз

12

Арыс қаласының Кәсіпкерлік бөлімі ММ-не ішкі талдау барысында еңбек шарты негізінде жұмыс атқаратын техникалық қызметкерлердің лауазымдық міндеттері бекітілмегені және олардың еңбек функцияларын нақтылайтын лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленбегені анықталды. Лауазымдық міндеттердің бекітілмеуі жұмыскерлердің функционалдық міндеттері мен жауапкершілік шегін нақты айқындауға мүмкіндік бермейді.

    Нәтижесінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін нақты бөлу, орындалатын жұмыстардың көлемін айқындау және еңбек тәртібін бақылау бойынша тәуекелдер туындайды.

ҚР «Еңбек Кодексі» талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

13

Арыс  қаласы  «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі  еңбек демалысы  кезеңінде ауыл әкімінің ЭЦҚ-сымен                             19.03-07.04.2026 ж.  32 төлем  құжаты  жіберілгені  анықталды.  ЭЦҚ иесі өз кілтінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және оны басқа  тұлғалардың  пайдаланылуына  жол  берілмеуі  тиіс. Осыған  байланысты, еңбек  демалысы кезеңінде басшысының ЭЦҚ – сын пайдалану  заңнама  талаптарына  сәйкес  келмейтінін назарға  алып, алдағы  уақытта мұндай  жағдайларға  жол бермеу және  құжаттарға қол қою тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау;

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

 

Тамыз

 

Дата публикации
30 сентября 2026