|
№ р/с
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған лауазым
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
|
|
1
|
Басқарма басшысы
|
- Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; - құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және бақылау; - мемлекеттік сатып алу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдер қабылдау; - азаматтардың өтініштерін қарау және тиісті шешімдер қабылдау; - кадрлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
|
- Лауазымдық өкілеттіктерді жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне пайдалану; - шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы; - мемлекеттік қаражатты пайдалану кезінде тәуекелдердің туындауы; - азаматтардың өтініштері бойынша негізсіз шешім қабылдау.
|
|
2
|
Басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасары
|
- Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру; - энергетика және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау бойынша жұмыстарды бақылау; - жобалау-сметалық құжаттаманы келісу және қабылдау процестеріне қатысу; - орындалған жұмыстарды бақылау және қабылдау.
|
- Құрылыс-монтаждау және жобалау-сметалық құжаттаманы келісу кезінде мүдделі тұлғаларға артықшылық беру; - орындалған жұмыстардың нақты көлемін бұрмалау; - техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдауға ықпал ету.
|
|
3
|
Жобалау және дамыту бөлімі басшысы
|
- Жобалау-сметалық құжаттаманы қарау, келісу және қабылдау; - жобалардың техникалық талаптарға сәйкестігін ұйымдастыру; - жобалау ұйымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру; - жобаларды комиссиялық тәртіппен қарауды ұйымдастыру.
|
- Жобалау-сметалық құжаттаманы негізсіз келісу немесе қабылдау; - техникалық талаптарды белгілі бір ұйымның мүддесіне бейімдеу; - құжаттарды қарау кезінде субъективті шешім қабылдау.
|
|
4
|
Электрмен қамтамасыз ету бөлімі басшысы
|
- Электр энергетикасы объектілерін салу және реконструкциялау жобаларын үйлестіру; - техникалық шарттарды беру процесін ұйымдастыру және бақылау; - электрмен жабдықтау жобаларының іске асырылуын бақылау.
|
- Техникалық шарттарды беру кезінде жекелеген тұлғаларға заңсыз артықшылық беру; - техникалық талаптарды негізсіз өзгерту; - электр энергетикасы объектілерін салу және реконструкциялау барысында орындалған жұмыстарды тиісінше бақыламау.
|
|
5
|
Ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру бөлімінің басшысы
|
- Ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру; - субсидия алушылар ұсынған есептілікті қарау процесін ұйымдастыру; - субсидиялау негіздерінің сақталуын бақылау; - су шаруашылығы объектілерінің жұмысын бақылау.
|
- Субсидия алушылардың есептілігін негізсіз қабылдау; - субсидиялау талаптарының сақталуын тиісінше бақыламау; - негізсіз субсидия төлеуге жол беру; - мүдделі тұлғаларға артықшылық жасау.
|
|
6
|
Газбен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
|
- Газ бөлу рәсімдерін ұйымдастыру; - газ бөлу комиссиясының жұмысына қатысу және шешімдердің орындалуын бақылау; - газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша құжаттарды қарау; - газ бөлу нәтижелеріне мониторинг жүргізу.
|
- Газды бөлу барысында заңсыз артықшылық беру; - комиссия шешімдерін бұрмалау немесе рәсімдерді сақтамау; - газ бөлу нәтижелерін негізсіз өзгерту; - мүдделі тұлғаларға басымдық беру.
|
|
7
|
Заң қызметі маманы
|
- Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және бақылау; - конкурстық құжаттаманы дайындау және келісу; - техникалық ерекшеліктерді келісу процесіне қатысу; - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жұмыстарды үйлестіру; - бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау.
|
- Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұрмалау; - конкурстық талаптарды белгілі бір өнім берушіге бейімдеу; - техникалық ерекшеліктерді монополистерге жолдау арқылы бәсекелестікті шектеу; - сатып алу рәсімдерінің ашықтығын төмендету.
|
|
8
|
Экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлім басшысы
|
- Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру; - бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау; - инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын ұйымдастыру; - бюджеттік жоспарлардың орындалуын мониторингтеу.
|
- Бюджет қаражатын жоспарлау кезінде субъективті шешім қабылдау; - қаржыландыру көлемдерін негізсіз өзгерту; - бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде бақылаудың жеткіліксіздігі.
|
|
9
|
Персоналды басқару қызметінің басшысы
|
- Кадрлық шешімдерді ұйымдастыру; - мемлекеттік қызметшілерді тағайындау, ауыстыру және қызметтік ілгерілету рәсімдерін жүргізу; - мүдделер қақтығысын анықтау және алдын алу; - қызметтік тәртіптің сақталуын бақылау.
|
- Мүдделер қақтығысын жасыру; - негізсіз тағайындау немесе қызметтік ілгерілету; - кадрлық шешімдер кезінде жекелеген тұлғаларға артықшылық беру; - кадрлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етпеу.
|
|
10
|
Барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары
|
- Азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру; - бөлім қызметкерлерінің қабылдайтын шешімдерін бақылау; - мемлекеттік қызмет көрсету және құжаттарды қарау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; - ішкі бақылау іс-шараларын ұйымдастыру.
|
- Азаматтардың өтініштері бойынша негізсіз шешім қабылдау; - өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу; - бақылаудың жеткіліксіздігі; - қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалану.
|