Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 

                                                                                                                                                               

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықтималдылығы бар лауазымдар тізбесі

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықтималдығы бар лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықтималдығы бар лауазымдық өкілеттер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Басқарма басшысының орынбасары

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдау саласындағы жұмыстарды үйлестіру; басқармаға қарасты комуналдық мемлекеттік мекемелердің, Еңбек мобильділігі орталығының қызметін үйлестіру, әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру.

Жұмыспен қамту және әлеуметік қолдау шараларын іске асыру кезінде жекелеген азаматтарға  немесе ұйымдарға негізсіз артықшылық беру, бағынысты мекемелердің қызметіне заңсыз ықпал ету, әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру кезінде субъективті шешім қабылдау, мүдделер қақтығысын жасыру тәуекелдерін туындауы мүмкін.

 

Бөлім басшы

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру, есептерді жинақтау, мониторинг жүргізу.                  

Әлеуметтік қолдау шараларын іске асыыру кезінде ақпараттарды объективті қарамау; есептік көрсеткіштерді бұрмалау, қызмет көрсетушілерді бұрмалау;қызмет көрсетушілердің жұмысына негізсіз ықпал ету; мүдделер қақтығысының туындауы тәуекелдері болуы мүмкін.

 

Бас маман

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының орындалуын мониторингтеу;жұмыс орындарының құрылуын және жұмыспен қамту көрсеткіштерін талдау; арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне талдау жасау.

Құжаттардағы мәліметтерді объективті тексермеу; көрсеткіштерді жасанды түрде жоғарылату; қызметтік ақпаратты жеке мүддеге пайдалану тәуекелдері болуы мүмкін.

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2026