|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1. |
Дербес бөлім басшылары мен бас мамандары |
1)Бұйрық журналдарында номенклатура бойынша индекс нөмірлері мен сақталу мерзімдерін жазып көрсету, талапқа сәйкес рәсімдеу;
2)Бұйрық журналдарын баулап, тігу және қол қойып, мөр басу;
3)Бұйрықтарды талапқа сәйкес журналға тіркеу;
4)Бөлімнің бұйрықтарын түпнұсқа баспа-бланкілерге шығару. |
- Индекс пен сақтау мерзімін өз бетінше өзгерту, қате көрсету арқылы құжаттарды жасыруға, жоюға немесе ізін қиындатуға мүмкіндік туындауы; - Тігілген журналға қосымша парақ енгізу, парақтарды ауыстыру немесе алып тастау; қол қою/мөр басу рәсімін формалды орындау; - Бұйрықты тіркемеу, кейіннен тіркеу, тіркеу нөмірін өзгерту немесе белгілі бір бұйрықты басқа құжаттардың арасына енгізу; - Түпнұсқа бланкіні рұқсатсыз пайдалану, бос бланкілерді басқа мақсатта қолдану, дайын бұйрыққа заңсыз өзгеріс енгізу. Осы аталған фактілер рұқсат беру кезінде құжаттарын бейресми келісім арқылы заңға қайшы болып келеді. Сонымен қатар, бөлім басшысы мен орындаушы бас маман өз қалауынша шешім қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалыптастырады. |
|
2 |
Қала, ауылдық округ әкімдері мен әкім аппараттарының бас мамандары |
1) Өкімдерді тігу іс-құжат папкалары мен журналдарын номенклатура бойынша индекс нөмірлері мен сақталу мерзімдерін жазып, талапқа сәйкес рәсімдеу; 2)Өкімдерді түпнұсқа баспа-бланкіге шығару; 3)Аппарат қызметкерлерін кезекті еңбек демалыстарынан шақырту кезінде өкіммен танысуы туралы қолын қойғызып, қызметкердің жұмысқа шақыртуға жазбаша келісімін алу; 4) Өкімдерді реттік саны бойынша 5)«Көтермелеу туралы» бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы өкімге қажетті негіздемелерді тіркеу. |
- Номенклатуралық индексті, сақтау мерзімін бұрмалау, құжаттарды тиісті папкаға енгізбеу арқылы белгілі бір құжаттың сақталуын немесе кейін тексерілуін қиындату; - Рұқсатсыз өкім дайындау, бланкіні жеке мақсатта пайдалану, дайын құжатқа заңсыз өзгеріс енгізу немесе жалған құжат жасау; - Қызметкердің нақты келісімінсіз келісімін алуға мәжбүрлеу, қолын басқа құжатқа қойғызу, өкіммен таныстыру рәсімін кейіннен рәсімдеу немесе еңбек демалысынан шақырту қажеттілігін негізсіз қолдану; - Өкімді тіркемей қалдыру, реттік нөмірді өткізіп жіберу/өзгерту, өкімді кейіннен тіркеу, құжатты папкадан алып тастау немесе ауыстыру; - Негіздемесі жеткіліксіз тұлғаға материалдық көмек тағайындау, құжаттарды қолдан жасау/толықтыру, бір қызметкерге басқаларға қарағанда артықшылық беру. Осы аталған фактілер қала, ауылдық округ әкімдері мен әкім аппараттарының бас мамандары арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалыптастырады. |