Сауран ауданы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінешалдыққан лауазым

Сыбайласжемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы / жауапты маманы

Е-лицензиялау"және "Электронды үкімет" порталдары арқылы ауылшаруашылық техникаларын тіркеу, байқаудан өткізу және куәліктер беру қызметтерін көрсету жағдайында.

- Штатта тиісті маманның болмауына байланысты аталған қызметті басқа мекеме маманының атқаруынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

2

Мемлекеттік сатып алуға жауапты бөлім басшысы / бас маман

Бюджет қаражатын игеру, "О-маркет" электронды дүкені арқылы тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жағдайында.

 - Бірегей сәйкестендіру (КТР) кодтары бірдей тауарларды бөлшектеп сатып алу тәуекелі.

 - Жарияланған лоттар бойынша үнемі бірыңғай өнім берушілермен келісімшарт жасасу арқылы бәсекелестікті шектеу тәуекелі.

3

Персоналды басқару қызметінің басшысы / маманы

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізу, жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді көтермелеу жағдайында.

 - Конкурстық іріктеуді формалды түрде өткізіп, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау тәуекелі.

- Алынбаған тәртіптік жазалары бар қызметкерлерді негізсіз көтермелеу тәуекелі.

 

            

 

Дата публикации
29 сентября 2026