Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Созақ ауданының тұрғындарымен 17.09.2026 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу

мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Аяқталу нысаны

Жол саласы

1.       

Қаратау ауылындағы Тұяқбаев көшесіне асфальт жол төселуіне ықпал жасасаңыз.

Қаратау ауылының тұрғыны Іргебай Омар.

Қаратау ауылдағы Тұяқбаев көшесіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу.

31.10.2026 ж.

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

2.       

Шолаққорған ауылындағы Тоқбергенов көшесінде қазіргі таңда лоток орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін тозығы жеткен асфальт жолымызды жаңартып берсе.

Шолаққорған ауылының тұрғыны Әметов Бақыт.

Шолаққорған ауылындағы Тоқбергенов көшесіне су ағатын лоток орнату жұмыстары толық аяқталғаннан кейін асфальт төсеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқтау.

31.10.2026 ж.

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Инфрақұрылым

3.       

Қайнар елді мекеніндегі Б.Әметшеев және Қайнарбұлақ көшелерінде электр желілерінің тозығы жеткен.

Осы көшелердегі қажетті электр инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қашан жүргізіледі?

Қайнар ауылының тұрғыны Манабаев Әлсерік.

Қайнар елді мекеніндегі Б.Әметшеев және Қайнарбұлақ көшелеріндегі электр жүйесін жаңарту.

31.10.2026 ж.

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

4.       

Сызған елді мекенімен Қозмолдақ елді мекенін жалғайтын су өткізгіш құбырдың тозығы жеткен.

Менің өтінішім осы құбырды жаңартып қайтадан салуға ықпал жасасаңыз.

Қозмолдақ ауылының тұрғыны
 Арқаров Сұлтанберді.

Сызған елді мекенімен Қозмолдақ елді мекенін жалғайтын су өткізгіш құбырға жөндеу жұмыстарын жүргізу.

31.10.2026 ж.

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Денсаулық сақтау саласы

5.       

Созақ аудандық орталық ауруханасының ғимараты біраз жылдан бері күрделі жөндеуді қажет ететін еді.

Өзіңіздің қолдауыңыздың арқасында 2026 жылдың басында жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Осы ғимараттың жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән берсеңіздер екен.

Сонымен қатар құрылыс жұмыстары қашан аяқталады?

Шолаққорған ауылының тұрғыны  Арынбеков Бүркіт.

Орталық аурухананың құрылыс жұмыстарын уақытында әрі сапалы жүргізу.

31.10.2027 ж.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

6.       

Созақ ауылында 1 ғана жедел жәрдем көлігі қызмет атқарады. Қосымша жедел жәрдем көлігін бөлуге ықпал жасасаңыз.

Созақ ауылының тұрғыны Ермекбаев Жарас.

№7 Созақ аудандық медициналық бөлімшесіне қосымша жедел жәрдем көлігін бөлу.

30.06.2027 ж.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Нысанды пайдалануға беру

 

Абаттандыру

7.       

Шу ауылына балаларға арналған заманауи ойын алаңы мен спорт алаңын салып беруіңізді сұранамын.

Шу ауылының тұрғыны
Дастанов Рауан.

Шу ауылына воркаут алаңшасын салу жұмыстарын жүргізу.

30.10.2026 ж.

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

 

Дата публикации
28 сентября 2026