|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
|
Жол саласы |
|||||
|
1. |
Шұбарсу ауылындағы тозығы жеткен орталық көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі ме?
Шұбарсу ауылының тұрғыны Есенбекова Қаламқас. |
Шұбарсу ауылындағы тозығы жеткен орталық көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін көшелер бойынша тиісті жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, қаржыландыру мәселесін шешу. |
28.12.2026 ж. |
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
2. |
Дихан ауылына баратын аудандық маңызы бар жолдағы көпірдің жағдайы нашар. Ауыл шаруалары ауыр жүк көліктерімен қауіпсіз өте алмай жүр. Осы көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?
Жеңіс ауылының тұрғыны Мейрамов Бақытхан.
|
Дихан ауылына баратын аудандық маңызы бар жолдағы көпірдің техникалық жағдайын зерделеп, қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы техникаларының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету. |
01.04.2027 ж. |
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
3. |
Төрткүл, Қ.Спатаев және Көкарал елді мекендері арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?
Төрткүл ауылының тұрғыны Досбаев Дөненбай. |
Төрткүл, Қ.Спатаев және Көкарал елді мекендері арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу, 2026 жылы 30 шақырым учаскеге жұмыстарды атқарып, қалған 26 шақырымын 2027 жылғы тамыз айына дейін аяқтау. |
01.08.2027 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша) Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
4. |
Темірлан ауылындағы Бәйдібек би көшесіне жаңбырлы күндері су жиналып, көлік қозғалысына қиындық туғызады. Осы көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр ма?
Темірлан ауылының тұрғыны
|
Темірлан ауылындағы Бәйдібек би көшесінде жаңбырлы күндері жиналатын суды жою мақсатында жолдың су өткізу және су бұру жүйелерін ретке келтіріп, көшеге жөндеу жұмыстарын кезең кезеңімен жүргізу. |
28.12.2026 ж. |
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
Коммуналдық шаруашылық саласы |
|||||
|
5. |
Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесіндегі балалар ойын алаңшасына жарықтандыру орнатылса?
Темірлан ауылының тұрғыны Омарханов Елжас.
|
Темірлан ауылындағы балалар ойын алаңшаларына қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, сыртқы жарықтандыру шамдарын орнату және қажетті қаржыландыруды қарастыру. |
01.12.2026 ж. |
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
Білім саласы |
|||||
|
6. |
Ордабасы ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына конкурс нәтижесінде жеңімпаз анықталған. Алайда қазіргі таңда жеңімпаздың қызметке тағайындалмау себебі неде және тағайындау қашан жүзеге асырылады? Темірлан ауылының тұрғыны
|
Конкурс нәтижесінде жеңімпаз анықталғанына қарамастан, Ордабасы ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындаудың не себепті жүзеге асырылмай отырғанын түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
01.10.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары
Облыстық білім басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
|
Кәсіпкерлік саласы |
|||||
|
7. |
Жанармай бекеттерінің маңынан жұмыссыз азаматтарға сауда орындарын ашып, шағын базар ретінде ұйымдастыру мүмкіндігі барма?
Журналист Көпбаев Бақытжан. |
Жанармай құю бекеттері маңындағы бос аумақтарды заң талаптарына сәйкес тиімді пайдаланып, жұмыссыз азаматтарға шағын сауда орындарын орналастыру және шағын базар ретінде ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру. |
01.10.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
8. |
Қажымұқан ауыл округінен өтетін «Қазыналық» каналының жөндеу жұмыстары 2022 жылдан бері тоқтап тұр. Каналды жөндеу жұмыстары қашан қайта басталады?
Қажымұқан ауылының тұрғыны Аязбаев Сәкен. |
Қажымұқан ауыл округінен өтетін «Қазыналық» каналын жөндеу жұмыстарын қайта жандандыру, қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен аяқтау мерзімін нақтылау.
|
01.05.2027 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
«Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша)
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай) |
|
9. |
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға және кәсіп бастауына мүмкіндік беріп отырған маңызды бағдарлама деп білеміз. Осы бағдарлама аясында биыл кооператив мүшелеріне қаржылай қолдау көрсету жоспарланып отыр ма?
Бөген ауылының тұрғыны
|
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл кооператив мүшелеріне жеңілдетілген несие және өзге де қаржылай қолдау көрсету тетіктерін қарастырып, қаржыландыруды қамтамасыз ету. |
12.10.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу |