Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

          Жоба

 

Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңдарына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысындағы көші – қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.
  2. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №15/194-VI «Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4253 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Облыстық мәслихат                                                    

сессиясының төрағасы                                                        

 

Облыстық мәслихаттың                                                     

хатшысы                                                    

Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
21 декабря 2020