ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ

Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 1 441 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 265 мемлекеттік, 1 138 жекеменшік балабақша,                                                       2 арнайы мектеп-балабақша және 36 мектеп жанындағы шағын орталық бар. Қазіргі таңда облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 153 285 бала тәрбиеленуде.

 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Түркістан облысында 1 106 орта білім беру ұйымы қызмет етеді. Оның ішінде 940 мемлекеттік және                                 166 жекеменшік мектеп бар.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау мақсатында облыста 16 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымы, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, сондай-ақ 7 арнайы және                1 санаториялық мектеп-интернат жұмыс істейді.

 

Дата публикации
30 июля 2026