ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

 

Желі -50 (мемлекеттік – 28 жеке – 22).

Контингент – 29 256 студент (мемлекеттік – 22 415, жеке - 6841).

2025-2026 оқу жылын 12 631 студент бітірді.

 Ағымдағы 2025-2026 оқу жылында 84 мамандық бойынша 15 500 орын қарастырылған болса, 2026-2027 жаңа оқу жылына 81 мамандық бойынша 15 600 орынға  қалыптастырылды, 100 орынға артты.

Оның ішінде 12 кәсіпорынның өтінімдері негізінде 209 орын  мақсатты тапсырыс бөлінді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау жөніндегі 371 білім беру бағдарламаларының тізбесінен 175-і жаңартылды.

2026-2027 оқу жылына «Talap» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамына жіберілді және тізілімге енгізіледі.

2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау бойынша 5 жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.

2025-2026 оқу жылы басында дуальды оқыту 10 162 мыңнан астам (34,8%) студенттерді қамти отырып, 36 колледжде енгізілсе, оқу жылы ішінде 12 293 студент өндірістік практикамен қамтылды. Жаңадан жасалған 9 018 дуальды оқыту туралы келісімшарт «Career Hub» ақпараттық платформасына енгізілді.

27 колледж 203 кәсіпорынның қамқорлығымен қамтылған.

2026-2027 оқу жылына Созақ ауданындағы №1 колледждің студенттері 120 орынды жатақханамен  қамтылатын болады.

Дата публикации
30 июля 2026