Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147 кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қызмет түрі көрсетiледі.
2026 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны – 6 713 269 болса, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 302, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 26013, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6 568 793, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 118 161.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсанында №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 37, 38 және 41 тармақтарына сәйкес, 2025 жылға Түркістан облысы бойынша аудан, қала әкімдерінің өкіміне сәйкес ішкі мемлекеттік бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бекітілген іс-шараларға сәйкес, облыс көлемінде а.ж. 1-тоқсанында
44 объектіге (39 - ЖАО мекемесі, 5 - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар,) ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 165 бұзушылық анықталды.
Атап айтсақ, оның ішінде:
Бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша 5 тәртіптік жаза қолданылды (3-«ескерту», 2-«сөгіс» түрінде).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны, барлығы – 125, олардың ішінде: орындалғаны – 121, орындалмағаны – 4.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулардың саны – 2510, оның ішінде 2498 – электронды, 12 – қағаз түрінде бас тартылған.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан а.ж. 1-тоқсанының қорытындысы бойынша электронды жүйе арқылы қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы дерегі орын алмаған.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде құқықтары бұзылған тұлғалар анықталмады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 88.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 10.