Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                 

 

Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Түркістан облыстық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25905 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер –  1 165 269 902 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 59 991 714 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 14 280 449 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 323 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 1 090 992 416 мың теңге;

2) шығындар – 1 203 614 356 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 29 864 796 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 9 543 722 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 39 408 518 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 109 570 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 109 570 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – - 8 589 228 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 8 589 228 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

 

К. Балабиев

Дата публикации
03 июля 2026