Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                 

 

Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІК:

1. Түркістан облыстық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25905 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер –  1 238 530 401 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 61 497 521 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 13 170 313 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 323 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 1 163 857 244 мың теңге;

2) шығындар – 1 226 361 062 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 2 477 894 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 33 044 214 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 35 522 108 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 966 940 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 966 940 мың теңге;

5) бюджет профициті – 13 680 293 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану – - 13 680 293 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. 2023 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне –     50 пайыз;

облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) – 50 пайыз;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:

Бәйдібек ауданының бюджетіне – 48,9 пайыз;

Жетісай ауданының – 50 пайыз;

Қазығұрт ауданының – 50 пайыз;

Келес ауданының – 48,9 пайыз;

Мақтаарал ауданының  – 47,7 пайыз;

Ордабасы ауданының – 46,7 пайыз;

Отырар ауданының – 49,4 пайыз;

Сайрам ауданының – 49,1 пайыз;

Сарыағаш ауданының – 47 пайыз;

Сауран ауданының – 52 пайыз;

Созақ ауданының – 50,9 пайыз;

Төлеби ауданының – 44,7 пайыз;

Түлкібас ауданының – 51,5 пайыз;

Шардара ауданының – 48,7 пайыз;

Арыс қаласының  – 50 пайыз;

Кентау қаласының –  53,7 пайыз;

Түркістан қаласының  – 46,9 пайыз;

облыстық бюджетке:

Бәйдібек ауданынан  – 51,1 пайыз;

Жетісай ауданынан – 50 пайыз;

Қазығұрт ауданынан – 50 пайыз;

Келес ауданынан – 51,1 пайыз;

Мақтаарал ауданынан  – 52,3 пайыз;

Ордабасы ауданынан  – 53,3 пайыз;

Отырар ауданынан – 50,6 пайыз;

Сайрам ауданынан – 50,9 пайыз;

Сарыағаш ауданынан – 53 пайыз;

Сауран ауданынан – 48 пайыз;

Созақ ауданынан – 49,1 пайыз;

Төлеби ауданынан – 55,3 пайыз;

Түлкібас ауданынан – 48,5 пайыз;

Шардара ауданынан – 51,3 пайыз;

Арыс қаласынан  – 50 пайыз;

Кентау қаласынан – 46,3 пайыз;

Түркістан қаласынан – 53,1 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне – 50 пайыз;

облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;

әлеуметтік салығы бойынша басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне – 50 пайыз;

облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне –  100 пайыз;

өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша облыстық бюджетке – 100 пайыз.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы

 

 

Н.Әбішов



Дата публикации
03 июля 2026