«2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 1 254 838 306 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 59 112 371 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 15 321 450 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 61 081 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 1 180 343 404 мың теңге;

2) шығындар – 1 246 322 209 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 17 132 630 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 46 405 715 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 29 273 085 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 966 940 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 966 940 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – - 9 583 473 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 9 583 473 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыстық мәслихатының

төрағасы                                                                                                                               Н.Әбішов

Дата публикации
03 июля 2026