Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Бәйдібек ауданы тұрғындарымен (10.04.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

 

№

 

Көтерілген мәселелер

 

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

 

Орындалуы

 

Ауыз су мәселесі

1.             

Жаңаталап елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етуіңізді сұраймын?

 

Ағыбет елді мекенінің тұрғыны

Байғазиев Абылай

Жаңатлап елді мекеніне ауыз су құрылысын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

30.09.2025ж

 

 

 

Орындалды

Жаңаталап елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, (Мердігер мекеме:  «Срой Транс Сервис» ЖШС, ЖСҚ құны 159 167,0 мың теңге), құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.

Жол саласы

2.             

Шаян елді мекеніндегі Қадырбаев көшесінің тозығы жеткен, жөндеуді қажет етеді Сондықтан аталған жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп берсеңіз?

 

Шаян елді мекенінің тұрғыны

Дүйсенбеков Тұрсынәлі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Бәйдібек ауданы әкімдігі

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

30.12.2025ж

Орындалды

Шаян елді мекеніндегі Қадырбаев  және Айналма жол көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджет есебінен 100 000,0 мың теңге бөлініген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, (Мердігер мекеме:  «Фрагмит Евразия» ЖШС, конкурс құны  232, 004 мың теңге), асфальт салу  жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.

 

 

 

 

 

Абаттандыру мәселесі

3.             

Шаян ауылы М.Әуезов көшесінің бойында отырып демалатын орындықтар жоқ. М.Әуезов көшесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілсе.

 

Шаян елді мекенінің тұрғыны Шинасилов Жолдасбек

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Бәйдібек ауданы әкімдігі

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

30.12.2025ж

Орындалды

Шаян ауылы М.Әуезов көшесін көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті бюджет есебінен жоба жасалып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. (Мердігер мекеме:  «Фрагмит Евразия» ЖШС, конкурс құны  103 936,0 мың теңге), Құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

 

4.             

Ағыбет елді мекенінен жастарды спортпен шұғылдану мақсатында жабық спорт алаңшасы салынса.

 

Ағыбет елді мекенінің тұрғыны Жұмәділлаев Бақытжан

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Алтаев

 

Бәйдібек ауданы әкімдігі

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

10.12.2027ж

Алдағы жылдарға жоспарланған

Ағыбет елді мекенінен жабық спорт алаңшасын салу 10.12.2027 жылға жоспарланған.  Аталған елді мекеннен спорт алаңшасын салу бойынша алдағы кезеңде ЖСҚ-сын әзірлеп, 2027 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады

 

Дата публикации
30 июня 2026