Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 2026 жылғы 6 айда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері

Ішкі аудит қызметімен 2026 жылғы 6 айда 5 мемлекеттік аудит объектісінде тиімділік аудиті жүргізілді, оның ішінде 5 мемлекеттік мекемеде. 

         Аудиторлық іс-шарамен жалпы 88 798 368,7 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар көлемі 5 555 901,9 мың теңгені құрайды, оның ішінде  рәсімдік бұзушылықтар 5 188 705,4 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар 367 196,5 мың теңге, оның ішінде  бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 91 149,1 мың теңге.  

         Жүргізілген 5 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті уәкілетті органдарға материалдар жолданып, бүгінгі таңға салынған әкімшілік айыппұлдардың 1 832,4 мың теңге бюджетке өндірілді.  Сондай-ақ, анықталған  бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектілеріне және бағдарлама әкімшілеріне жолданды.

 

Дата публикации
26 июня 2026