Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Шаңырақ» клубтар координациясына қарасты
«Ясауи жас сайлаушылар» клубы
Ережесі
І. Жалпы ережелер
1.1 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Шаңырақ» клубтар координациясына қарасты «Ясауи жас сайлаушылар» клубы (бұдан әрі – Клуб) Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (бұдан әрі - университет) жанындағы студенттік бірлестік болып табылады.
1.2 Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1.3 Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде университет студенттері, оқытушылары, сайлау комиссияларымен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
ІІ. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
2.1 Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
2.2 Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары
3.1 Клубтың қатысушылары университеттің 1-4 курс студенттері бола алады.
3.2 Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
3.3 Клуб қатысушылары құқылы:
1) Түркістан облыстық, қалалық аумақтық сайлау комиссиялары мен Түркістан қаласындағы, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары төрағалары мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;
2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
4.1 Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
4.2 Клубтың отырыстарын Клуб жетекшісі қажеттілікке қарай, бірақ семестріне кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
4.3 Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін белсенді студенттерден құралған арнайы жұмыс тобы құралады.
4.4 Жұмыс тобы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;
3) Клуб жиналысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді;
4) «Шаңырақ» студенттік клубтар координациясының жоспарларына сәйкес іс-шаралар ұйымдастыру.
5.1 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Жастар саясаты» департаментіне қарасты Жастар орталығының мәжілісінде енгізіледі.
5.2 Клуб қызметі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректорының бұйрығы немесе өкімімен тоқтатылады.