Кез келген мемлекеттің болашағы – оның жастарының саналы таңдауында. Ал сол таңдаудың айқын көрінісі – сайлау. Бүгін біз Қызылорда қаласында бас қосып, дәл осы жауапты үдерістегі жастардың рөлі мен олардың электоралдық мәдениетін дамыту, саяси белсенділігін арттыруға мәселесін талқылаудамыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін ерекше атап өтіп келеді. Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан демократиялық реформалар аясында жастарды электоралдық үдерістерге кеңінен тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.
Бүгінгі таңда жастар – қоғамның ең белсенді әрі болашағы зор бөлігі. Әсіресе алғаш рет дауыс беретін жастарды сайлау процесіне кеңінен тарту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда, жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін дамыту – басты міндеттердің бірі болып отыр.
Жастардың қоғамдық-саяси белсенділігінің артуы, соның ішінде республикалық референдумдарға қатысуы – олардың азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңызды көрсеткіші. Бұл өз кезегінде электоралдық мәдениеттің дамуына тікелей әсер етеді.
Осы бағытта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (ТжКББ) мен жоғары оқу орындарында (ЖОО) жас сайлаушылар клубтарының қызметін дамыту ерекше маңызға ие.
Бүгінгі таңда, Түркістан облысында халық саны –
2,154 млн құрайды. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 671 452 немесе халық санының 31 пайызын құрап отыр (ер – 354 227, әйел – 317 225).
Анықтама: Оның ішінде қала жастары -164 604 (24,5%), ауыл жастары – 506 848 (75,5%)
Облыстағы жоғары оқу орындарының саны – 3
ЖОО студенттер саны – 13 272
Облыстағы орта арнаулы оқу орындарының саны (ТжКББ) – 50
Жалпы орта арнаулы оқу орын студенттер саны – 44 605
Бұл ретте Түркістан облысы жастарының тәжірибесін ерекше атап өткен жөн. Түркістан өңірі – демографиялық тұрғыдан жастар үлесі жоғары аймақтардың бірі. Облыста жастар саясатын дамыту, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жас сайлаушылар клубтары арқылы:
- жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру;
- азаматтық жауапкершілікті арттыру;
- пікір алмасу алаңдарын құру;
- көшбасшылық қабілеттерді дамыту жұмыстары қарқынды іске асырылуда.
Аталған клубтардың негізгі мақсаты:
- жастарға сайлау жүйесі туралы түсіндіру;
- сайлау құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беру;
- пікірталас, тренинг, семинарлар арқылы саяси сауаттылықты арттыру;
- жастардың сайлау процесіне қызығушылығын қалыптастыру.
Жас сайлаушылар клубтарының тиімді жұмысы нәтижесінде:
- жастардың сайлау жүйесіне деген сенімі артады;
- саналы таңдау жасау дағдысы қалыптасады;
- белсенді азаматтық позиция нығаяды;
- елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу деңгейі өседі.
Сонымен қатар, клубтар аясында өткізілетін түрлі интерактивті іс-шаралар – дебаттар, симуляциялық сайлаулар, кездесулер – жастардың тәжірибелік тұрғыда білім алуына мүмкіндік береді.
Мұхтар Әуезов – жастарға арналған үгітінде «Жас ұрпақ – ертеңгі күннің сәулесі» деген екен. Мұхтар Әуезов шығармаларында жастардың болашағы – елдің болашағы екенін жиі айтқан. Ол жастардың білім алуы мен саналы азамат болуының маңыздылығын атап көрсеткен.