Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2019 жылдың қорытындысы бойыншаесеп беру жиналысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы (4-тоқсан)

 

Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2019 жылдың қорытындысы бойыншаесеп беру

жиналысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалуы

(4-тоқсан)

 

№

Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1.      

Қарамұрт ауылдық округі аумағынан өтетін облыстық маңызы бар «Көксәйек - Ақсу» аралығындағы жолын жөндеу жоспарда бар ма?

2020 жылғы

қазан

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басұармасының басшысы                         Р.Ибрагимов

 

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков

Түркістан облысы, Сайрам ауданының «Ақсукент-Қарамұрт» бағытындағы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайтыноблыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолын 2020-2021 жылдар аралығында орташа жөндеуден өткізуге сметалық құжаттамасы әзірленіп, ведомостволық сараптама қорытындысы алынды (құны-871,8 млн. теңге).

Ағымдағы жылы нысанның жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 499,3 млн. теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Корпорация «Сити-Строй» ЖШС тарапынан жолдың 15 шақырым аралығына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі таңда, 10 шақырым аяқ жол салу жұмыстары толық аяқталып, жолдың 11,4 шақырымында жол негізін құмды-шағалтас қоспасымен нығайту жұмыстары жүргізіліп, 9,5 шақырым жолға асфальт төселді. Сонымен қатар, қалған 3,6 шақырымына жол негізін құмды-шағалтас қоспасымен нығайту, 5,5 шақырымға асфальт жабындысын салу жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін толық аяқталатын болады. Нысанның жөндеу жұмыстары 2021 жылға өтпелі болуына байланысты, қалған 7,5 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары 2021 жылға жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

2.      

Өткен жылы мақтаны қабылдау бағасы 130 кг/тг құрады. Бұл көрсеткіш жұмсалған шығынды ақтамады. Соған қарамастан биылғы жылы да мақта егу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл саланың болашағын қалай ойлайсыз?

2020 жылғы қазан

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов

 

Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев

Ағымдағы жылы мақта дақылы облыс бойынша 125,8 мың гектарға егіліп, 316,0 мың тонна шитті мақта жиналып, түсімділігі 25,1 ц/га құрап отыр. Қолда бар 457 комбайндардың 92%-ы жұмысқа жұмылдырылып, жиналған шитті мақтаның 83%-ы комбайндармен жиналды.

Шитті мақтаны жинап, сақтап және өңдеу үшін 18 мақта өңдеу зауыты (МӨЗ) жұмыс істеуде. Шитті мақтаның бағасы Ливерпуль мақта биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге Ливерпуль биржасында орта талшықты мақта бағасының 1 тонна құны 76,85 индекс болып отыр. Бұны теңгеге шаққанда 180,6 мың тг құрайды.

(Индекс:76,85х22,046=1694,2$-350$=1344,2$:3,2=420,0$х430=180,6 мың тг).

Биылғы жылы, шитті мақта өңдеу зауыттары мен дайындаушы ұйымдар (трейдерлер) агроқұрылымдардан шитті мақтаны 155-160 тг/кг қабылдады.

3.      

Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жетіспейді және ескірген, осы мәселе қашан және қалай шешіледі?

2020 жылғы қазан

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов

2020 жылы Түркістан қаласында қоғамдық көліктердің жаңа автобустармен толықтырмауының негізгі себебі ол, бүкіл әлем бойынша жүріп жатқан пандемиялық жағдай болып табылды. 2020 жылдың 1 тоқсанының соңынан бастап, Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктер уақыт шектеуімен жүргізіліп, кейін келе мүлдем тоқтатылды. Сондай-ақ, Түркістан қаласында қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі жолаушылар легінің аз болуына байланысты, рентабелділігі төмен қызмет түрі болып табылады. Осы жоғарыда аталған мәселелер, тасымалдаушының есебінен қоғамдық көліктерді жаңартуына кері әсерін тигізетіндігі белгілі. Сондай-ақ, 2020 жылы «Түркістан» ӘКК-сы тарапынан жаңа автобустар алуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде конкурс өтпеді деп танылуына байланысты, жаңа автобустар алуға мүмкіндіктердің болмағандығын хабарлаймыз. Алдағы уақытта қоғамдық көлік бағыттарын субсидиялау арқылы жаңа автобустар алу жоспарлануда.

4.      

Ынтымақ елді мекені Өзбекстан Республикасымен шекара бойында орналасқан.Таза ауыз су, табиғи газ мәселелері толық шешілген. Алайда, ауыл ішіндегі жолдардың тозығы жеткен. Елді мекендегі көшелердің 25% ғана қанағаттанарлық жағдайда, «Ауыл ел бесігі» деген бағдарлама бар дейді, біздің ауылдың жолы жөнделсе?

2020 жылғы қараша

Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев

Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекені аудан орталығынан 11 шақырым қашықтықта шекара бойында орналасқан, отбасы саны 1 001, халық саны 7 424 құрайды. Елді мекенде көшелер саны 25, ұзындығы 34,8 шақырым, оның ішінде 8,4 шақырым, яғни, 25%-ы қанағаттанарлық жағдайда болатын.

2020 жылы “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы аясында 11 көшенің (Абылай хан, Тұрсынбаев, О.Өтегенов, А.Джами, Ешантай ата, О.Ермухамедұлы, С.Сейфулин, Мансуров, Сейдакпар ұста, Т.Бигелдинов, Медресе) 23,3 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көшелер үлесі 85%-ға жеткізілді.

5.      

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы қаламызға шет елден туристтер мен келетін қонақтардың саны күннен-күнге көбеюде. Облыстың аудандарынанда келіп жүріп көргеніміз, қалада таң ертең және кешкі уақытта көк түтіннен тыныс алу өте қиын екен. Бұл мәселені шешу жолы барма?

2020 жылғы қараша

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы                            И.Алексеев

Түркістан қаласын газдандыруды 11 кезеңге бөліп, шешу жоспарлануда.

Бүгінгі күні 10 кезеңнің құрылысы аяқталды, қалған 1 кезеңнің құрылысы (ПГБ – 1, мердігерлік ұйым "Отау Строй" ЖШС, абоненттер саны 5 676) ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласында абоненттердің жалпы саны 52 037, оның ішінде 10 523 (22,2%) қала тұрғындары табиғи газбен қамтылған, 6 100 (11,7%) абоненттердің жылытупештері дайын.

Құрылысы аяқталған нысандарда тұрғындардың табиғи газға қосылуы бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, қала аумағында орналасқан барлық қатты отын (көмір) пайдаланатын моншалар, қонақ үйлер, әлеуметтік нысандар және бюджеттік мекемелерді табиғи газға өту жөнінде үгіт насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

6.      

Жыл сайын Түркістан қаласында және маңында орналасқан ауылдық округтердегі шаруалар ағын су тапшылығын тартады. Осы мәселелер алдағы уақытта шешімін табады ма?

2020 жылғы қараша

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Н.Бадырақов

 

Кентау қаласының әкімі
Д. Мақажанов

Арыс өзенінің төменгі жағында Түркістан өңірінде соңғы 10 жылда судың көзі 180 млн.м3 дейін кеміп, ағын су тапшылығы орын алуда. Осыған орай, су шығынын азайту және қосымша су жеткізу мақсатында бірқатар ірі жобалар құрылысы іске асырылуда. Нәтижесінде 192,7 млн.м3 ағын су қосымша жеткізіліп, 43 мың га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады.

Атап айтқанда:

1. «Түркістан магистралды каналын бетонмен қаптау арқылы 60,0 млн.м3 ағын суды үнемдеу жобасы»;

2. «Сыйымдылығы 18,5 млн.м3 Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу;

3. «134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру арқылы »;

4. «Түркістан магистралды каналына Сырдария өзенінен машиналық әдіспен су беру»;

Бұдан бөлек, 2020 жылы облысымызда 16 каналға Кентау қаласы: Р-28-1, Р-29, Р-29-1, Р-29-2, Р-30, Р-39-1, Оң жағалау каналдары және Шорнақ а/о 34 тік дренажды ұғыма, Жібек-Жолы а/о 40 тік дренажды ұғыма, Сарыағаш ауданы; Қожахан, Сұрым каналдары, Келес ауданы; Араншы-1 каналы, Сайрам ауданы; Көтерме каналы, Отырар ауданы; Р-1 каналы, Созақ ауданы; Суындық каналы және Түркістан магистральды каналын) күрделі жөндеу жұмыстары және 4 нысанға (ТМК, АМК, КМК, Бөген су қоймасы)ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылды.Сонымен қатар, «Тұран су» ШЖҚ МКК-ның өз қаражаты есебінен Ордабасы ауданындағы 19 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 51 шақырымы толық тазаланды.

Нәтижесінде, 9953 га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 157 шақырым канал бетондалды.

Сондай ақ, облыста суды үнемдеу үшін тамшылатып, жаңбырлатып суғару технологиялары кеңінен қолданылуда. Түркістан қ. аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 11,0 мың га жаңбырлатып суғару технологиясын ендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы бұл технология ендірілген алқап 2,0 мың га жеткізіледі. Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2 есеге үнемдеп өнімділікті 2-4 есеге арттырады. Ал тамшылатып суғару технологиясы өңірде 20,0 мың га ендірілген. Мемлекет тарапынан Инвестициялық субсидия бағдарламасы арқылы су үнемдеу технологияларының ендіру шығынының     
50 %-ын өтеу қарастырылған. Сондықтан,шаруалар мүмкіндігінше озық технологияларды өндіріске ендіріп еңбек өнімділігін арттыруға бет алуы қажет. Жаңбырлатып, тамшылатып суғару технологиясы арқылы суғаратын алқаптарға басымдылық беріліп, ағын су бірінші кезекте жеткізілетін болады.

Түркістан өңірін ағын сумен қамтамасыз ететін бірден бір канал Түркістан магистралды каналы. Каналдың су көзу Бөген, Қосқорған су қоймалары. Каналмен Түркістан, Кентау қалаларымен Ордабасы, Арыс, Отырар, Бәйдібек аудандары аумағындағы 87 373 га суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Бөген су қоймасынан су босату 17.03.2020 жылы 362,0 млн. текшеметрде басталып, 02.12.2020 жылы 109,5 млн. текшеметрде және Қосқорған су қоймасынан су босату 24.03.2020 жылы 37,3 млн текшеметрден басталып, 02.12.2020 жылы 1,0 млн. текшеметрде аяқталды. Жалпы 2020 жылы 702,582 млн. текшеметр су босатылды. Оның 553,054 млн. текшеметрі егістікке, 146,555 млн. текшеметрі экологиялық қажеттілікке, 2,973 млн. текшеметрі санитарлық қажеттілікке бағытталды.

7.      

Елбасы бастамасымен Түркістан қаласы жаңғыру үстінде, нәтижесінде  қалаға қызығушылар саны күн сайын артып отыр. Туристтердің қажетті ақпаратқа қол жеткізу барысында цифрландырудың рөлі үлкен, осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

 

2020 жылғы желтоқсан

Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Өтебаев

 

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов

Мобильдік қосымша

Бүгінгі таңда, цифрландыру дәуірінің талабына сәйкес қала тұрғындары мен қонақтары үшін Түркістан қаласы өміріне қатысты атқарылған жұмыстарымен танысуға, үн қосуға және ұсынылатын қызметтерді жылдам әрі оңай алу үшін цифрлық құралдар арқылы қол жеткізу бойынша бірқатар шаралар асырылуда.

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен «Smart Turkistan» мобильді қосымшасы іске қосылды (2020 жылдың сәуір айынан бастап).

Мобильдік қосымша облыс тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер, транспорт, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік саласы, жер қатынастары, такси қызметі, мемлекеттік органдар басшыларына виртуалды қабылдауға тіркелу, тұрғын үй кезегі және тағы басқа салалар бойынша қызметтерге, ақпараттарға жылдам әрі қолайлы қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Туризм саласы бойынша облыстағы туристтік (тарихи-мәдени) обьектілердің тізімі, қысқаша тарихы, мекен жайымен байланыс номерлері қол жетімді. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы барлық қонақ үйлермен туризм саласындағы сервистік қызмет көрсету (дәмхана, темір жол вокзалдары, автовокзалдар және т.б.) субьектілері туралы мәліметтер енгізілген (қазақша, орысша және ағылшынша).

Түркістан қаласы облыс орталығы статусынан бөлек, Түркі әлемінің астанасы болып саналады. Яғни, халықаралық деңгейдегі рухани- мәдени орталық. Сәйкесінше шет елдерден келетін қонақтардың ағымы жоғары. Осы орайда, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі қаланың оң имиджін қалыптастырады. «Smart Turkistan» мобильді қосымшасының туристтерге қолайлы тағы бір модулі - «бір батырма» функциясы арқылы шұғыл полиция қызметіне қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, мобильдік қосымшаны 4500 адам тұрақты қолданатын болса, 1300 адам қосымшаны әлеуметтік желі арқылы бөліскен. Ай сайын шамамен 350 жаңа қолданушы тіркеліп отырады.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Amazing Turkistan» қосымшасы арқылы 2020 жылы наурыз айында Түркістанға келуші қонақтарға арнайы қалалық гид әзірленді.

Облыстық туризм басқармасы тарапынан жоғарыда аталған қосымшалардың туризм саласы бойынша контенттер толықтырылып, ақпараттар тұрақты жаңартылуда.

Қоғамдық қауіпсіздік

Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша қосымша тоқталатын болсақ. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тарапынан облыс көлемінде оның ішінде Түркістан қаласына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма «Сергек» мемлекеттік-жеке меншік жобасын (МЖӘ) іске асыру бойынша барлық қажетті процестер мен рәсімдерді (салалық сараптама, мемлекеттік әріптес пен жеткізушіні таңдау және т.б.) аяқтады, қазірдің өзінде Түркістан қаласында пилоттық режимде 10 Сергек кешені орнатылды.

Тегін Wi-Fi нүктелерімен қамтамасыз ету.

Қазіргі әлемдік тәжірибеге сәйкес «Ақылды қалалар» эталондық стандартында қала тұрғындары мен қонақтары немесе ақпараттық қоғам белсенділері – блогерлер үшін жылдамдығы жоғары қол жетімді интернет болуы үшін қоғамдық және туристтік нысандарға WI-FI құрылғыларын орнату тым қажет инфрақұрылым болып саналады.

Осы орайда, Түркістан қаласының атракциондар паркі, «Парасат» паркі, «Жеңіс» паркі, «Тәукехан» паркі, «Байбұрт» фонтаны, «Яссауи» арбаты және кіші арбат аумақтарында WI-FI орнатылды.

109 бірыңғай байланыс орталығы

Ағымдағы жылы әкімдіктің 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріле отырып, тұрғындар өтініштерінің тізіліміне енгізіледі және одан әрі мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, Коммуналдық қызметтерге беріледі.

Байланыс орталығы қалалық әкімдікте орналасқан. Онда операторлардан басқа, олардың жұмысын бақылайтын инспекторлар және БАҚ-тағы жарияланымдарды бақылайтын сарапшылар отырады. Түркістан қаласында жақын арадағы іс-шаралар туралы ақпаратты білуге, заңгерлік кеңесті дәл талдаушылардан алуға болады.

8.      

Облыстағы қанша Индустриялық аймақ бар және жер учаскесін алу тәртібі жөнінде айтып берсеңіз?Бәйдібек ауданындағы индустриалды аймақ қашан іске қосылады?

2020 жылғы желтоқсан

Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы
И.Құдабеков

 

Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагөзов

Қазіргі таңда, Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақ құрылған. Аудандардағы және қаладағы индустриалдық аймаққа бөлінген жердің жалпы ауданы 698,2 га. Соның ішінде, жалпы ауданы 526,2 га құрайтын, 7 индустриалдық аймаққа инфраструктура тартылған (Түркістан қ., Кентау қ., Созақ ауданы, Шардара ауданы, Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтарал ауданы).

Одан бөлек, жалпы ауданы 172 га құрайтын, 2 ауданда және қалада (Бәйдібек ауданы, Ордабасы ауданындағы Бадам – Қазақ Түрік индустриалдық аймағы (КТИА)) инфраструктура құрылысы аяқталмаған. Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 45 млрд. теңгені құрайтын және  3 381 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 53 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, құны 30 млрд.тг., болатын 30 жобасы іске қосылып, 750 жұмыс орны ашылды.

2020 жылы 2 624,2 млн.теңгеге 1 433 жұмыс орнымен 8 жоба іске асырылу жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша «Түркістан» ИА-на іске асыру үшін 6 инвестициялық жоба тартылды («EKP-Group878» ЖШС бетон зауытының құрылысы, жоба құны 1 041 млн.теңге, 16 жұмыс орнымен. («Euro Blok Production» ЖШС газабетон блоктар зауытының құрылысы, жоба құны 113 млн.теңге, 10 жұмыс орнымен. «Bereke Құрылыс Сервис» ЖШС тұрмыстық химия және салфетка өндіру, жоба құны 360 млн.теңге, 20 жұмыс орнымен. «Береке ММА» ЖШС жоғарғы технологиялық мақта өңдеу зауытының құрылысы, жоба құны 450 млн.теңге, 36 жұмыс орнымен. «АлиУайс и К» ЖШС бетон зауытының құрылысы жоба құны 470 млн.теңге, 20 жұмыс орнымен. «Turkestan Textile» БК» ЖШС тоқыма жіп өнеркәсібі жоба құны 400,0 млн.тенге, 1000 жұмыс орнымен ).

Бәйдібек ауданында Индустриялық аймақ құрылысы 2015 жылы басталып 2016 жылы аяқталған. Жалпы ауданы 63,045га құрайды.

Аталған аймақтың 18га «Казтравертин» ЖШС тарапынан травертин өңдеу бойынша кәсіпорын салу жоспарланған болатын. Алайда, кәсіпкердің қаржылық жағдайына байланысты жобаны іске асыру тоқтатылған. Бүгінгі таңда, осы мәселені шешу мақсатында банк мекемелерімен келіссөздер жүргізілуде. Қаржы мәселесі шешілген жағдайда аталған жобаны индустриалды аймақта іске асырылуы күтілуде.

9.      

Келес ауданының орталығы Абай ауылында жол кептелісі көпшілікті мазалауда, Т.Рысқұлов көшесін А-15 республикалық автожолға қосу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз.

2020 жылғы желтоқсан

Келес ауданының әкімі

А.Есбаев

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басұармасының басшысы                        

Р.Ибрагимов

2020 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша көлік кептелісін алдын алу мақсатында, А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолына Т.Рысқұлов көшесін қосу жұмыстары жүргізілді. Жеңімпаз мердігер мекеме "International Construction Group" ЖШС танылды, Техникалық қадағалаушы мекеме ЖШС "SPC Engineering". Қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолына Т.Рысқұлов көшесін қосу бойынша орташа жол жөндеу толығымен аяқталып, жол белгілері орнатылды.

10.  

Облыс орталығының көшкеніне 2 жылға жуық уақыт болды. Облыстық ауруханалар Шымкентте қалып кетті. Түркістан қаласында типтік ауруханалар өте аз. Осыған орай, Түркістан қаласында үлкен ауруханалар салынып жатыр ма?

2020 жылғы желтоқсан

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов

Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты медицина саласы да тұрақты дамуда. Түркістан қаласында 570 төсек жабдығы бар облыстық медициналық аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан қалалық балалар ауруханасының 190 төсек-орынға қосымша ғимарат пен облыстық жедел жәрдем қызметіне жаңа ғимаратының құрылыстары басталды.

Одан бөлек, дүние жүзінде орын алған коронавирустық пандемияға қарсы күресу мақсатында Түркістан қаласында 200 төсек-орындық инфекциялық аурухананың құрылысы басталып, ағымдағы жыдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

11.  

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылығы және атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы мерейтолары екені белгілі. Облыста осы мерейтойларды атап өту үшін қандай шаралар жоспарланған?

2020 жылғы желтоқсан

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының м.а.

А.Темірхан

 

Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісов

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

Түркістан облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Ш.Қалдаяқовтардың 90 жылдық мерейтойларына орай облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жалпы республикалық жоспарға сәйкес облыс көлемінде арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жалпы 20 іс-шара өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Түркістан қаласында оқушылар сарайының алдында ескерткіш қойылды.

Алайда, еліміздегі эпидемиялогиялық жағдайға байланыстыкөптеген іс-шаралар онлайн форматтарда өткізілді.

Атап айтқанда, А.Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай» операсы сахналанды, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» оқушылар арасында облыстық жас ақындар мүшайралары және облыс мектептерінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Дана халықтың дара Абайы» атты бұрыштар ашылып, көрмелер ұйымдастырылғанын және мектеп кітапханаларында «Абай өсиеті», «Абай - дана», «Абайды тану – ұлтты тану», «Абай – адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға», «Абай мұрасы – халық ұлағаты», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Абайдың қара сөздері», «Абай қазақ поэзиясының көкжиегі» тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен байқаулар, «Абай шығармалары – ұрпаққа мұра», «Қазақ десе, Абай түсер есіңе тақырыптарында шығарма-эссе байқаулар өткізілді.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған жалпы республикалық жоспарға сәйкес облыс көлемінде арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жалпы 17 іс-шара өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, Түркістан қаласында қазақ драм театр алдында ескерткіш қойылды.

Алайда, еліміздегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматтарда өткізілді.

Атап айтқанда, Отырар қалашығындағы «Отырар қалажұртының Сапар – орталығы» ашылды. Аталған орталықтың ішінен Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған арнайы экспозициялық зал ашылды. 

Ағымдағы жылғы 13 тамыз күні Отырар  ауданындағы Руханият Әбу Насыр әл-Фараби музейінде «Әбу Насыр әл – Фараби - Ұлы дала өркениеті» атты онлайн форматта республикалық конференция өткізілді.

Облыстағы білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларыарасында физика (астрономия) мен математикадан аудандық, облыстық кезеңдерден тұратын Әбу Насыр әл-Фараби атындағы облыстық олимпиада өткізілді.

Ағымдағы жылғы 22-23 қазан күндері Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Ш.Құсайыновтың «Әл-Фараби» тарихи драмасы сахналанды.

Жергілікті бюджеттен жалпы 27 млн. 188 мың теңге қаржы қаралып, Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбектері мен шығармалары қазақ тіліне аударылып, баспадан шығарылды.

Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығы туралы

Ағымдағы жылы ұлы композитор Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай, Отырар ауданында композитордың өзі тұрған үйінен «Ш.Қалдаяқов» музейі ашылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 15 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған «Ақжайық» өнер мектебінің алдына Ш.Қалдаяқовтың ескерткішін орнату жоспарланып отыр.

12.  

Мақтаарал ауданы, Береке елді мекеніне 1963 жылы тартылған ауыз су жүйесі құбырларының тозығы жеткен. Біздің ауылдың ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына ықпал жасауыңызды сұраймын.

2021 жылғы қазан

Мақтаарал ауданы

Б.Асанов

Мақтаарал ауданында «Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мақтарал а/о Береке е/м ауыз су жүйелерін қайта құру»нысанына қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

Дата публикации
25 декабря 2020