Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2019 жылдың қорытындысы бойыншаесеп беру жиналысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы (3-тоқсан)

 

 

Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2019 жылдың қорытындысы бойыншаесеп беру

жиналысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орындалуы

(3-тоқсан)

 

№

Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

Орындалуы

1.      

Боралдай елді мекеніне 2019 жылы жүргізілген ішкі табиғи газ жүйесінің құбырларын іске қосып, халық игілігіне пайдалану мәселесі қашан шешіледі?

2020 жылғы шілде

Бәйдібек ауданының әкімі Б.Танагөзов

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы                            И.Алексеев

Боралдай ауылдық округіне қарасты Боралдай елді мекеніне жеткізуші және квартал ішіндегі газ жүйелеріне құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдары жүргізіліп, нысан пайдалануға берілген болатын.

2020 жылы Сайрам ауданында орналасқан Көмешбұлақ елді мекеніндегі №20 автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосылуына байланысты, Боралдай елді мекенін табиғи газға қосу жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС-нің тарапынан елді мекенге жеткізуші жоғары қысымды газ құбырларына ауамен қысымдау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңға аталған мекеменің тарапынан елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің бойындағы орын алған ақаулықтар қалпына келтірілуде. Орын алған ақаулықтар қалпына келтіріліп болған соң, ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңында, аталған елді мекен газға қосылатын болады.

2.      

Жаңабазар ауыл округі, Қазақстанның 20 жылдығы елді мекеніндегі К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектеп апатты жағдайда. Жыл сайын оқушылардың саны өсуде. Жаңа мектеп салуға ықпал етсеңіз.

2021 жылғы тамыз

Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараев

Жаңабазар ауыл округі, Қазақ ССР 20 жылдығы елді мекені 200 орынға арналған "К.Азербаев" жалпы орта мектебінің құрылысы 2020 жылы басталды. Құрылыс нысанның аяқтау мерзімі: 30 тамыз 2021 жыл.

3.      

Түркістан қаласының білім ошақтарында дарынды  да талантты оқушыларымыз көп. Осы оқушыларымыз бүгінгі таңда басқа өңірлердегі зияткерлік мектептерде білім алуда. Сондықтан қаламыздың облыс орталығы болғандығын ескере отырып, алдағы уақытта Түркістан қаласынан «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» ашу жоспарыңызда бар ма?

2022 жылғы қыркүйек

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы                   Р.Жолаев

 

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов

Жыл сайын облысымызда «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» қабылданатын 6 сынып оқушылар санының тұрақты өсуі байқалады (2018-2019 оқу жылында – 58 341 бала, 2019-2020 оқу жылында – 58 583 бала).

Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырушы балалардың саны өсуде (2018-2019 оқу жылында – 1 946 бала, 2019-2020 оқу жылында – 2 650 бала), оның ішінде, біздің облысымыздан 2018-2019 оқу жылында – 687 бала, 2019-2020 оқу жылында – 823 бала, бұл көрсеткіш жалпы үміткерлер санының 30%-дан астамын құрайды.

Түркістан қаласы облыс орталығына айналуына байланысты, қаламызда бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы жүргізілуде және олардың алды пайдалануға берілді.

«Назарбаев Зияткерлік мектебіне» деген қажеттілік өңірде туындағаны рас.

Осыған орай, «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №938 қаулысына сәйкес Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығынан 12,5 гектар жер телімі бөлініп, 720 оқушы орнына арналған және 120 орындық интернаты бар химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» құрылысы жүруде.

Нысанды, 2021 жылғы қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Елбасымыздың Түркістан қаласына 2020 жылғы 28 қыркүйектегі сапары барысында қаламыздан физика-математика бағытындағы екінші «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» құрылысын инвесторлар есебінен жүргізу мәселесі шешілді.

Қазіргі таңда, аталған мектеп құрылысы үшін Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығынан тиісті жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда.

4.      

Облыста халық санының өсуіне байланысты тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны артып отыр. Оның ішінде Түркістан облыс орталығы болуына байланысты Кентау қаласы халқының саны да артуда. Осы ретте, Кентау қаласында жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер салына ма?

2020 жылғы қыркүйек

Кентау қаласының әкімі Д.Мақажанов

 

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т.Үсіпәлиев

Кентау қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2018-2022 жылдаға жоспар құрылып, жалпы саны 33 дана бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу жоспарланған. 2018 жылы бес қабатты 60 пәтерлі 2 дана тұрғын үйдің құрылысы аяқталып. 120 пәтер пайдалануға берілсе, 2019 жылы бес қабатты 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталып. 300 пәтер пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда Кентау қаласының Оңтүстік-Шығыс аумағынан жаңа мөлтек аудан құрылып, бес қабатты 60 пәтерлі жалпы саны 25 (1500 пәтер) тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 10 тұрғын үй құрылысы аяқталса, 2021 жылға 5тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. 2022 жылға 10 тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр.

 

Дата публикации
21 сентября 2020