Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2024 жылғы «20» желтоқсандағы № 68 – н/қ бұйрығына
қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
18-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Түркістан облысы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан облысы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылды.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаттары:
1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу деңгейіне қол жеткізу және сол деңгейде ұстау;
2) Облыс аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
3) ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
5.Құқықтары:
- заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
- өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Әкімдіктің басқа бөлімшелері, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;
- өзінің мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Әкімдіктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы мәжілістерге қатысу;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Әкімдіктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;
- Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Әкімдіктің басшылығына ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
- Міндеттері:
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
- ақпаратты қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарының орындалуын бақылайды;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында нормативтік әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелерін құру мен дамыту үшін әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелердің өзара ақпараттық іс-қимыл ережесін әзірлеу және дамыту бойынша іс-шараларды мониторингілеу және ішкі бақылау шараларына қатысады;
- аппараттың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруды үйлестіру жұмыстарын мониторингілейді;
- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және бағынысты ұйымдармен өзара әрекеттесу қызметін ұйымдастыру жұмыстарын мониторингілейді;
- ақпараттық қауіпсіздікті бұзуға байланысты оқиғалар мониторингі
мен мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізеді;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жұмыстарын мониторингілейді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды мониторингілейді және талдайды;
- ақпараттық коммуникациялық технологияларды - активтерінің пайдаланылуын есепке алу мен талдау жөніндегі іс-шараларға қатысады;
- әкімдіктің стратегиялық жоспарына ақпараттандыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- өнім берушілердің ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтердің шарттарда көзделген сапа деңгейін қамтамасыз етуін бақылауды;
- ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқығалары және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;
- электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйін үйлестіруді жүзеге асырады;
- серверлік ғимараттың күйін, пайдалану шарттарын және физикалық периметріне мониторинг жұмыстарын ұйымдастырады;
- ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, жергілікті есептеу желісінің серверлік және басқа да құрылғылар бойынша қызмет көрсетуші ұйымдардың өзара әрекеттесу мен олардың жұмысын үйлестіреді;
- жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік сұрақтары бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетулерді әзірлеу, дамыту және жетілдіру бойынша техникалық құжаттарды және/немесе техникалық ерекшеліктерді келісу және бекіту, ақпараттық жүйелердің жұмысын бақылауды іске асырады;
- облыс әкімінің аудан, қала тұрғындарымен есептік кездесулерін әлеуметтік желіге тікелей эфир арқылы трансляциялау бойынша техникалық ұйымдастыруын қадағалайды;
- облыс әкімдігінің бейне-байланыс конференциясы режимі арқылы өтетін жиналыстарды (лездемелік аппараттық мәжілісті) техникалық ұйымдастыруын қадағалайды;
22) облыс әкімі аппараты мен аудан, қала әкімдіктерінің ресми сайтына мониторинг жүргізіп, деректердің өзектендірілуін қадағалауды қамтамасыз етеді;
23) Бөлім құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарлар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды;
24) Жергілікті атқарушы органдарға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.