Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2024 жылғы «30» қыркүйектегі
№ 50-н/қ бұйрығына
1-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
15-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының
терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобы (бұдан әрі - Топ) Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
- Топтың құрылымын, штат санының лимиті шегінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
- Топтың негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаты:
Терроризм және діни экстремизм көріністеріне мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою мақсатында, терроризмге қарсы комиссияның профилактикалық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және бақылау.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінен, құқық қорғау органдарынан өзінің міндеттерін орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға;
2) ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерінің, заңдарының орындалуы туралы облыс әкіміне орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметтері туралы орталық атқарушы орган басшыларына ұсыныс жасау жөнінде ұсыныс енгізеді;
3) Аудан және қала әкімдері мен әкімдіктерінің терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;
4) топтың құзырына жататын мәселелер бойынша әкімдікте қаралатын құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
5) топтың құзырына жататын сауалдар бойынша әкімдік қаулылары мен Түркістан облысы әкімі өкімінің жобаларын дайындайды және олардың орындалуына бақылау жасайды;
6) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6.Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның көріністерін барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-қимылдарын ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар беруге;
2) терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге; 3) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға; 4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатыстыру үшін тартуға құқылы.
- Топтың қызметін ұйымдастыру
- Топтың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Топты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
- Топтың басшысы топтың қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Топтың басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық топтың құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық топтың атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық топтың басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.