Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2024 жылғы «19» тамыздағы № 43 - н/қ бұйрығына
1-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
17-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының жобалық кеңсе және халықаралық байланыстар бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Түркістан облысы әкімі аппаратының жобалық кеңсе және халықаралық байланыстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан облысы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылды.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаттары:
1) жобалық басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқарудың әдіснамасы мен нормативтік құқықтық негізін дамытуды жүзеге асыру;
- жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру, оны мемлекеттік басқаруға енгізу;
- облыстың халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту, оң имиджін қалыптастыру;
- облыстың халықаралық қатынастары саласындағы заңдардың, өзге де нормативтік – құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;
- облыстың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мен нығайтуды жеделдету үшін қолайлы инвестициялық ахуал құру.
5.Құқықтары:
- заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату;
- өзінің мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Әкімдіктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы мәжілістерге қатысу;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Әкімдіктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;
- Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Әкімдіктің басшылығына ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
- Міндеттері:
- Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау кезінде облыс әкімдігінің кеңестері мен отырыстарына қатысады;
- жобалық басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
- жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқаруды дамыту бойынша әдіснамалық ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
- жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқару жөніндегі стандарттарды әзірлеуге қатысады;
- жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеуге және дамытуға қатысады;
- мемлекеттік органдардың жобалау персоналын басқару жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- «Qazaqstan Project Management Awards» жобалық басқару бойынша жыл сайынғы ұлттық конкурсына қатысуды қамтамасыз етеді;
- Бөлім қызметі шеңберінде іске асырылатын жобаларға қатысуды және оларға басшылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындайды;
- қажет болған жағдайда Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;
- жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөнінде ұсыныс енгізеді;
- бастамаларды, жобаларды, бағдарламаларды, оның ішінде ұлттық жобаларды, мемлекеттік органдардың портфельдерін басқару жөніндегі процестердің жобалық басқару әдіснамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- қол жеткізілуі жалпыұлттық басымдық шеңберінде бағдарламада көзделген ұлттық түйінді индикаторларға қол жеткізудің автоматтандырылған онлайн-мониторингін және рейтингтерін жүргізеді;
- іске асырылатын жобалардың стратегиялық мақсаттарға және түпкілікті қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізудегі салым үлесін талдау үшін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жалпыұлттық басымдық мақсаттарының картасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- облыс аумағында орналасқан тиісті қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың жобалар топтарына тұтас өңірдің нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерінің төмен тұрған деңгейге декомпозициялануын қамтамасыз етеді;
- жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі интерактивті онлайн-дашбордтар негізінде қол жеткізілуі өңірлерді дамыту жоспарында көзделген ұлттық түйінді индикаторларға қол жеткізу бойынша өңірлердің жедел мониторингін және салыстырмалы рейтингін жүзеге асырады және жүргізеді;
- жобалар топтары жетекшілерінің, жобалар жетекшілерінің жобалау қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша басқарушы комитетіне жобалар топтарының жетекшілерін, жобалар жетекшілерін көтермелеу/жазалау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- мемлекеттік органдарды мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезінде жобалық басқаруды енгізу және дамыту жөніндегі әдіснамалық қолдаумен қамтамасыз етеді;
- білім беру және қоғамдық ұйымдар және жобалық басқару жөніндегі мамандардың кәсіптік қоғамдастықтары арқылы жобалау персоналының құзыреттілік деңгейін арттыру жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді;
- облыстың алыс және жақын шет елдер арасындағы ынтымақтастық туралы шарттары мен келісімдерін, хаттамалары мен басқа да құжаттарын әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- облыстың халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарының жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратты жинақтап, талдайды;
- облыс әкімдігінің жақын және алыс шет елдердің муниципалдық органдарымен екіжақты ынтымақтастық орнату жөніндегі келісімдердің жобаларын дайындауды жүргізеді;
- аппарат өкілдерін шетелге іс-сапарға жіберу үшін визалар мен құжаттарды ресімдейді;
- келушілер мен делегациялардың хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларының және бағдарламалардың жоспарларын ұйымдастырылуының орындалуын бақылайды;
- шетелдік делегациялардың қатысуымен іскерлік-форумдар, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады;
- кездесулерді, конференцияларды және халықаралық ынтымақтастықтың басқа да нысандарын өткізу рәсімдерін дайындайды;
- шетелдіктерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізеді және халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;
- облыс әкімдігі басшылығының шетелдік делегациялармен кездесулеріне материалдар дайындайды;
- облыс әкімдігі басшыларының шетелге сапарларын дайындайды;
- Түркістан қаласының әуежайында шетелдік делегациялардың (мемлекеттер, үкіметтер мен қалалар басшыларының, шетелдік ұйымдар мен компаниялар өкілдерінің) қарсы алуды және шығарып салуды ұйымдастырады;
- облыстың халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуы бойынша жұмыс жүргізеді;
- Бөлім құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарлар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды.
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.