Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
6-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының
экономика және әлеуметтік сала мониторингі бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына денсаулық сақтау, әлеуметтік, қаржы, мемлекеттік сатып алу салаларындағы облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау, әлеуметтік, қаржы, мемлекеттік сатып алу салаларындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингілеу мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының қызметін ақмтамасыз ету бөлімнің негізгі мақсаты болып табылады.
6.Құқықтары мен міндеттері:
осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
2) облыс әкімі аппараты бөлімдеріндегі, қызметтеріндегі, атқарушы органдардағы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппаратындағы ақпараттық деректерін пайдалануға;
3) бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға;
4) облыс басшылығы қарайтын мәселелерді жиналыстарда шешу, сондай-ақ әкімдік мәжілістері мен облыс әкімі өткізетін кеңестерде тыңдалатын мәселелерді дайындау кезінде атқарушы органдардың, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдері аппараттарының мамандарын бірлескен жұмысқа тартуға;
5) бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге, азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен өтініштерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қаралуын қамтамасыз етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Міндеттері:
1) Түркістан облысының бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық саясатын әзірлеуде және іске асыруда ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
2) экономикалық және бюджеттік саясат, статистикалық есеп және есептілікті жүргізу мәселелерінде облыстың қаржы-экономикалық органдарының қызметін үйлестіреді;
3) бюджет саясаты мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын дайындайды, әлеуметтік-экономикалық жағдай бойынша талдамалық жазбалар, ұсыныстар мен баяндамаларды дайындауға қатысады;
4) экономикалық және бюджеттік, әлеуметтік реформаларды, даму және әлеуметтік саладағы бағдарламаларды (іс-шараларды) іске асыру жөніндегі негізгі шаралардың орындалуына талдау жасайды;
5) облыстың экономика және бюджет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге және дамытуға ықпал етеді;
6) даму бағдарламаларының іске асырылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді және бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) облыс бюджетінің жоспарлануына және орындалуына мониторинг жүргізеді;
8) бюджеттің кіріс жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
9) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарына мониторинг жүргізеді;
10) мемлекеттік бағдарламалар бойынша игерілген қаржыларға мониторинг жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Премьер-Министр Кеңсесіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратты ұсынады;
12) облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен түзген меморандумдағы түйінді индикаторлардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
13) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін қадағалайды;
14) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан реформаларды жүзеге асыру бойынша негізгі шаралардың орындалуына талдауды жүзеге асырады, сонымен қатар, осы салаларды оңтайландыру бойынша шараларды әзірлеп, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
15) жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органдардан статистикалық ақпараттарды алдырады және жинақтақтайды;
16) жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;
17) жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді шешу, немесе зерттеу комиссияларына және жұмысшы топтарға қатысады;
18) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, атқарушы және аумақтық органдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
19) бөлімге тиесілі хаттамалық тапсырмаларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізеді;
20) жеке және заңды тұлғалардан келген өтініштерді заңнамада белгіленген мерзімде қарайды;
21) қажеттілікке қарай, бөлім құзырындағы мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімінің, аппарат басшысының және облыс әкімі орынбасарларының мәжілістеріне материалдар дайындайды;
22) әлеуметтік саладағы саясатты іске асырудағы қызметті, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес облыс аумағында халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық салаларындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мониторинг жасау;
23) жетекшілік ететін салалар бойынша атқарушы органдардың түйінді индикаторларды орындауына мониторинг жүргізу;
24) денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды және белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік пен міндетті әлеуметтік медициналық көмек берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
25) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіруге;
26) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастар жасау;
27) облыс шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыру;
28) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын облысты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
29) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлеуді, облысты дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну және оның орындалуын қамтамасыз ету;
30) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын облысты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
31) мемлекеттік орган басшысының анықтауымен басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
11.Бөлімнің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
12.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.