Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
8-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала
мониторингі бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес білім, мәдениет, тіл, ішкі саясат және жастар саясаты, гендерлік саясат салаларындағы облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес білім, мәдениет, тіл, ішкі саясат және жастар саясаты, гендерлік саясат салаларындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингілеу мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету бөлімнің негізгі мақсаты болып табылады.
1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және жоғары тұрған органдардың өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;
2) қала және аудан әкімдерінің, атқарушы органдар басшыларының заңнамалық актілерді іске асыру, білім, мәдениет, тіл, ішкі саясат және жастар саясаты, гендерлік саясат салаларындағы мәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпараттық - талдау дайындайды;
3) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысады, оларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, орындалуына бақылау жасайды;
4) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен және Премьер-Министрінің Кеңсесінен жолданған хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарайды;
5) өз құзыретінің шегінде халықаралық, республикалық және облыстық іс-шараларды, конференцияларды, форумдарды, мәжілістерді, семинарларды, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларын үйлестіреді және оларды дайындау мен өткізуге қатысады;
6) облыстық білім, мәдениет, қоғамдық даму, дін істері, дене шынықтыру және спорт басқармаларының жұмыстарына жетекшілік етеді және қызметін үйлестіреді;
7) білім, мәдениет, тіл, ішкі саясат және жастар саясаты, гендерлік саясат салаларындағы мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізеді;
8) бөлім өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқару мақсатында облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен, атқарушы органдармен өз құзыреті шегінде тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасайды;
9) білім, мәдениет, тіл, ішкі саясат және жастар саясаты, гендерлік саясат салаларындағы мәселелеріне қатысты тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың, жоспарлардың орындалу барысын үйлестіреді;
10) ғылыми мекемелермен, жоғарғы, орта және арнаулы білім беру мекемелерімен қарым қатынаста болады;
11) жетекшілік ететін сала бойынша облыс әкімінің қатысуымен шешуге тиісті проблемаларды анықтайды және шешу жолдарын ұсынады;
12) бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен көмек көрсетеді;
13) облыс әкімінің қатысуын қажет ететін мәжілістерді өткізуді ұсынады.
1) өз құзыреті шегінде облыстың атқарушы органдарынан, қала және аудан әкімдерінен қажетті ақпараттар мен басқа да материалдар сұратуға және алуға;
2) атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) қолданыстағы заңнамалар мен бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік және қоғамдық органдардан, аудан, қала әкімдіктерінен, меншік нысанына қарамастан кез-келген кәсіпорындардан, мекемелерден қажетті құжаттар мен ақпараттық-анықтамалық материалдарды сұрауға, тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға;
4) бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
5) анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды жою жөнінде атқарушы органдар мен қала, аудан әкімдіктеріне орындауға міндетті анықтама жолдауға;
6) облыстағы отбасылық-демографиялық ахуал мәселелеріне талдау жасауға;
7) бөлімге тиісті салалар бойынша қала, аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалар жұмысына талдау жасап, қорытындысы бойынша облыс әкіміне ұсыныс енгізуге құқылы.