Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
9-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешенді және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының занамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ауыл шаруашылығын дамыту, ветеринария, жер қатынастары және табиғатты пайдалану, кәсіпкерлікті қолдау мен өнеркәсіпті дамыту салаларындағы мемлекеттік органдардың қызметінің мониторингі мәселелері бойынша облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету бөлімнің негізгі мақсаты болып табылады.
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнен, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінен қажетті ақпаратты және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
2) қызметтік және мемлекеттік құпияларды сақтай отырып, облыс әкімі аппараты бөлімдеріндегі, қызметтеріндегі, атқарушы органдарындағы, сондай-ақ қала және аудан әкімі аппараттарындағы ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
3) бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға;
4) облыс басшылығы қарайтын мәселелерді шешуде, сондай-ақ әкімдік мәжілістері мен облыс әкімі өткізетін кеңестерде, алқада тыңдалатын мәселелерді дайындау кезінде атқарушы органдардың, облыстың аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдері аппараттарының мамандарын бірлескен жұмысқа тартуға;
5) бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.
1) ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларының мәселелеріне қатысты, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімі актілерінің орындалуына талдау жүргізеді. Талдаудың қорытындысы бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін облыс әкіміне ұсыныс береді;
2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуына жағдай жасайды және ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына мониторинг жүргізеді;
3) ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларының тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың, жоспарлардың орындалуын үйлестіреді;
4) қала және аудан әкімдерінің, мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнен басшыларының заңнамалық актілерді іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларындағы мәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
5) бөлім өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқару мақсатында облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен, мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнен өз құзыреті шегінде тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасайды.
6) қажеттілікке қарай, жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімінің, аппарат басшысының мәжілістеріне материалдар дайындайды;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарды жергілікті жерлерге шығып қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;
8) Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларының дамуына тиісті мониторинг жүргізеді;
9) облыста маңызы бар мемлекеттің қолдауындағы жобалар мен бағдарламалардың барлық түрлері бойынша ұсыныстар дайындайды;
10) апта сайынғы облыс әкімінің жұмыс кестесін қалыптастыру үшін, облыс әкімінің қатысуын қажет ететін мәжілістерді өткізуді ұсынады және өткізу форматын облыс әкімі аппаратының басшысымен келіседі, ол оны облыс әкімінің түпкілікті бекітуіне енгізеді.