Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының
2023 жылғы «09» қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
11-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) мемлекеттiк органдардың қызметiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою;
3) сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу және бақылау;
4) Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және басқа да жоғарғы органдардың нормативтік актілерінің, Түркістан облысы әкімдігі қаулыларының, Түркістан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің бөлім құзыреті шегінде іске асырылуын үйлестіру, ұйымдастыру, жүргізу және бақылау.
5) құқық бұзушылық профилактикасы саласында бірыңғай мемлекеттік саясат белгілеу;
6) қоғамдағы құқық бұзушылықтың болдырмау мақсатында алдын алу іс- шардың жүзеге асырылуын үйлестіру, қадағалау.
7) құқық бұзушылықтың алдын алу және өңірлік жедел штабы, нашақорлыққа қарсы күрес іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және басқа да жоғарғы органдардың нормативтік актілерінің, Түркістан облысы әкімдігі қаулыларының, Түркістан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің іске асырылуын үйлестіру, ұйымдастыру, жүргізу және бақылау.
1) сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтын алдын алу, жою мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқықбұзушылықтың профилактикасы, нашақорлыққа қарсы күрес комиссияның жұмыстарына қатыстыру үшін тартуға құқылы;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерді жүзеге асырады;
4) өзiнiң құзыры аясында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу саясатын жүзеге асыруға қатысатын барлық мемлекеттiк органдар, мекемелер мен қоғамдық бiрлестiктерден ақпараттар сұрау және алу;
5) нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу саласында көкейтестi және қоғамдық маңызы бар мәселелердi әкiмдіктің қарауына ұсыну;
6) барлық мемлекеттiк органдар, мекемелер және қоғамдық бiрлестiктердiң лауазымды қызметкерлерiнiң баяндамалары мен есептерiн тыңдау;
7) нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу болып табылады.
8) Барлық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінен, құқық қорғау органдарынан өзінің міндеттерін орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға;
9) ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерінің, заңдарының орындалуы туралы облыс әкіміне орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметтері туралы орталық атқарушы орган басшыларына бөлім құзыреті шегінде ұсыныс жасау жөнінде ұсыныс енгізуге;
10) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша әкімдікте қаралатын құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
11) бөлімнің құзырына жататын сауалдар бойынша әкімдік қаулылары мен Түркістан облысы әкімі өкімінің жобаларын дайындайды және олардың орындалуына бақылау жасайды;
12) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның көріністерін барынша жою жөніндегі
іс-қимылдарын ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар береді;
2) Түркістан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес және қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді;
3) Түркістан облысы әкімін, облыс әкімі аппаратын және облыс қалалары мен аудандар әкімдерін қылмыспен күрес мәселелері бойынша жаңа заңнаманың актілері туралы әдістемелік ұсыныстарды дайындайды және қамтамасыз етеді;
4) ҚР Президент Әкімшілігіне, Үкіметіне, Қауіпсіздік Кеңесіне, Ішкі істер Министрлігіне және құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы комиссиясына жолданатын ақпараттарға құқықтық бағалау жүргізеді.
5) Түркістан облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді;
6) ҚР Президент Әкімшілігіне, Үкіметіне, Қауіпсіздік Кеңесіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы, нашақорлыққа қарсы күрес комиссиясына жолданатын ақпараттарға құқықтық бағалау жүргізеді;
7) Түркістан облысы әкімін, облыс әкімі аппаратын және облыс қалалары мен аудандар әкімдерін қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес іс-шаралары бойынша жаңа заңнаманың актілері туралы әдістемелік ұсыныстарды дайындайды және қамтамасыз етеді;
8) Облыс әкімі өткізетін мәжілістердің бөлім құзыреті шегінде хаттамаларын тіркеу, орындаушыларға жолдау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
3-тарау. Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің қызметін ұйымдастыру