Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының 2025 жылғы
« 29 » желтоқсандағы № 58-н/қ
бұйрығына
қосымша
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының 2023 жылғы «09 » қарашадағы
№ 50-н/қ бұйрығына
3-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының
ішкі аудит қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
құқықтары мен міндеттемелері
10-1. ІАҚ құзыреті Заңның 15-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.
1) Түркістан облысының стратегиялық құжаттарының, облыстың даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
1) облыс әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына ІАҚ кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
2) Түркістан облысы аумағында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) Түркістан облысы аумағында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органда, атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, оның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;
5) Түркістан облысы аумағында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) бюджет шығыстарымен өзара байланыста Түркістан облысының даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін бюджеттік шығыстармен өзара байланыста, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;
7) тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
7-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпараттарын тыңдайды;
9) облыс әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
10) облыс әкіміне жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;
11) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
12) облыс әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
Егер тиісті Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ІАҚ орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді;
13) Түркістан облысы аумағында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органның қарауына ұсыну;
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;
4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;
7) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, Түркістан облысы аумағында жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету.
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;
2) ІАҚ жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;
3) тәуекелді басқару жүйесі негізінде облыс әкімі бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;
5) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;
6) жүйелік негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, оның ішінде ІАҚ-нің деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін сақтайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;
10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар жолдайды;
11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі келтірмейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақытылы және толық көлемде орындайды;
13) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;
14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме береді;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;
16) облыс әкіміне мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;
17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жинақталған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;
18) облыс әкімі басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
19) бюджет процесінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында консультациялық көмекті жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру үшін консультациялық көмекті жүзеге асырады;
21) өкілді органдарда республикалық немесе жергілікті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындайды;
22) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруды.