Жер телімін алуға өтініш беру
1 САТЫ
Сізге төмендегілерді орындау қажет:
3 жұмыс күні ішінде сіз жер телімін таңдаудың ақырғы актісін келісімдеп, жер-кадастрлық жұмыстарының қызметтері үшін төлейсіз.
Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсых нысанда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді.
Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қызмет мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Айтылған мерзім өткен соң «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ сізді алдын ала хабардар ете отырып, келісілмеген актті аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жоюына қайтарады.
Қызметтерді көрсету мерзімі: 28 жұмыс күні.
Қызметтерді көрсетудің аралық нәтижесі: келісімдеуші органдар мен ұйымдардың жер телімін таңдау актісін дайындау.
2 САТЫ
Жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімімен уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын рәсімдеу.
Сіз электронды сұранысқа төмендегілерді бекітуіңіз керек:
«Жеке кабинетке» мәлімдеме алу кезінде сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қоюыңыз керек.
Өтініш берушінің қол қойған уақытша жер пайдалану шартының 7 күндей уақыт заңды күші болады.
Сіздің уақытша жер пайдалану шартыңыз мемлекеттік тіркеуден өткен және одан кейін тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң аудандық бөлімі арқылы Сізге берілуі тиіс.
Заңды тұлғаның жеке куәлігі, мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші мен мемлекеттік корпорация жұмыскері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет көрсету мерзімдері: 22 жұмыс күні. Толық емес құжаттар жиынтығын ұсыну кезінде өтінішті қараудан бас тарту – 2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижесі: жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім, немесе бас тартуы жөніндегі себепті жауап.
1 САТЫ
Ол үшін сіздер төмендегілерді ұсынуларыңыз керек:
3 жұмыс күні ішінде сіз жер телімін таңдаудың ақырғы актісін келісімдеп, жер-кадастрлық жұмыстарының қызметтері үшін төлеу керек. Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ –ң төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді.
Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қызмет мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Айтылған мерзім өткен соң «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ сізді алдын ала хабардар ете отырып, келісілмеген актті аудандық сәулет және қала құрылысы басқармасына жоюына қайтарады.
Қызмет көрсету мерзімі: 28 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: тиісті органдары мен ұйымдарының жағымды қорытындылары бар, жер телімін таңдау актісін дайындау.
2 САТЫ
Жер-кадастрлық жоспары (1 қосымша) мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімімен уақытша ақылы пайдалану (жалдау) құқығын рәсімдеу.
Сіз электронды сұранысқа төмендегілерді бекітуіңіз керек:
Жер теліміне жер-кадастрлық жоспарын жасау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ бөлімінің есепшотына екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсых нысанда немесе. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ң төлемақы мөлшері мен күнін растайтын төлемақы құжаты (квитанциясы) берілетін кассаларында төлемақы төленеді.
Мәлімдеме алғаннан соң сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қоюыңыз керек. Өтініш берушінің қол қойған уақытша жер пайдалану шартының 7 күндей уақыт заңды күші болады.
Қызмет көрсету мерзімі: 22 жұмыс күні. Толық құжаттарды ұсынбаған жағдайда өтінішті қарастырудан бас тарту – 2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің ақырғы нәтижесі: жер-кадастрлық жоспары мен жерді уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), ақылы (ақысыз) пайдалану шартын сала отырып, жер теліміне жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім, немесе бас тартуы жөніндегі себепті жауап.
2
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу
Ескерту: мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болатын, жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі), Ұлы Отан соғысына қатысушы мен оларға теңестірілген тұлғалар туралы, Ұлты Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО-ң ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғалар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеп (қызмет етіп) Ұлты Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО-ң ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған тұлғалар туралы, мүгедектер туралы, сонымен қатар, бала күнінен мүгедек болғандардың біреуінің ата-анасы туралы, жетім балалар мен он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар туралы, оралмандар туралы мәліметтерді – Мемлекеттік корпорация қызметкері мен нотариус «электронды үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады.
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні ішінде. Жылдамдатылған тәртіппен – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-на өтініш келген сәттен бастап келесі күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы мәлімдемені жіберу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап.
Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Жылжымайтын мүлік құқығын жылдамдатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеу кезінде – өтініш түскен сәттен келесі жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұруы туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап.
Егер сіз заңды тұлға болсаңыз, сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:
Маңызды!
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Жылжымайтын мүлік құқығын жылдамдатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеу кезінде – өтініш түскен сәттен келесі жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұруы туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша себепті жауап.
3
Тұрғын үйді пайдалануға беріп жер телімін жеке меншікке алу
Алты айдан соң жерді пайдалану актісін берген сәттен тұрғын үйді тапсыру керек, яғни, жеке тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актке қол қою керек. Осы бөлімді сақтаған жағдайда ғана, жер телімін жеке меншікке беруге болады.
Егер жарты жыл уақыттың ішінде үй салынбаса, жер телімінің орналасқан орны бойынша әкімдікке жолығып, уақытша жалдау мерзімін жарты жылға созу керек.
Екі жыл шамасында үйді салып, пайдаланбаған жағдайда, мемлекет ҚР Жер кодексінің 93 бабы бойынша келтірілген зардапты өтеу талабымен жер телімін қайтарып алуға құқылы болады.