Қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру және Қазақстанда ақылды технологияларды енгізу мақсатында "Smart City" тұжырымдамасы әзірленді.
Smart city (Ақылды қала) – бұл азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инновациялық шешімдерді енгізу есебінен қалалық ресурстар мен қызметтерді басқарудың тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі бастама.
Елбасының нұсқауына сәйкес 2019 жылы ақылды қалаларды құру тәсілін стандарттау үшін Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының анықтамалық стандарты бекітілді. «Ақылды» қаладағы өмірдің басым салалары қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау және қала менеджменті болып табылады.