Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Цифрландыру

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында басым бағыттардағы 5 сала бойынша атқарылған жұмыстар

1. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

Облыстағы 1385 мектепкедейінгі білім беру ұйымдарына 150541 бала қамтылған. Бүгінгі таңда «мектепкедейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына 725(53%) МДББҰ қамтылған.

Жалпы білім беретін мектептер.

Түркістан облысының барлық 902 мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі ендірілген. Жүйе Түркістан облысының барлық мектептеріне ендіріліп, 1754 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні жүйеге 69639 қолданушы тіркелген, 5874 мыңнан аса өтініш келіп түсті.

Облыс бойынша «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100% мектептер қосылған.

Мектепке оқушыларды электронды қабылдау бойынша:

Обылысымзда 902 жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы 2018 жылдың шілде айынан бастап білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет mektep.sitcen.kz порталы арқылы автоматтандыру жүйесіне ендірілді. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарына қосылды. Бүгінгі күні жүйе арқылы 54751 электронды өтініш келіп түсіп, 53049 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданды.

«Күнделік» электронды жүйесі.

Облыста 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Күнделік» электронды журналдар және күнделіктердің бірегей ақпараттық жүйесі енгізілген. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірегей ақпараттық жүйеге 866 немесе 96% мектеп қосылған. Оқу жылының басында 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Компьютермен қамтамасыз ету.

Білім басқармасы тарапынан 561 млн. теңгеге 1700 BilimBook компьютер-планшет алынды және «Bilim Book» компьютер-планшет 235 мектепке таратылып мектептер оқу процесіне пайдалануда.

Қосымша жабдықтаулардың нәтижесінде (сатып алынатын ноутбуктар мен кабинет компьтерлері) 1 компьютерге келетін оқушы саны 11,3-тен 10,6-ға төмендеді. Бұл жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын тауып отырады.

Кең жолақты интернет.

Облысымыздың 775(86,1%) мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылған, оның 648-і (72%) 4Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықпен кеңжолақты интернетке қосылған. Бұл көрсеткішті 2019 жылға 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Wi-Fi нүктелермен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар бүгінгі таңда 735(81,4%) мектеп WI-FI нүктелерімен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті 2019 жылға 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар 2018 жылдың соңында Oqylyq.kz платформасы іске қосылды. Аталған платформаның тиімділігі:

  • Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын артыру.

Цифрлық кітапхананың қалыптасуы.

  • Жұмыстың тиімділігін арттыру.
  • Оқу семинарларын дайындаудағы шығынды азайту.
  • Тез әрі жылдам интерактивті курстарды ұйымдастыру.

Осы аталған жүйелердің тиімділік көрсеткіштері:

  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелділік кауіптілігінің 18 түрі жойылады;
  • Сабақтан негізсіз қалуының деңгейінің төмендеуі - 18%;
  • Оқушылардың білім деңгейінің өсуі -12%;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз-шағымдардың азаюы-50%;
  • - Педагогтардың сапалық құрамының өсуі - 15%;
  • - Құжат айнылымның төмендеуі - 60%;

2. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Түркістан облысында барлығы 737 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Облыста денсаулық сақтау саласын цифрландыру 4 бағытта жүзеге асырылады:

  1. Сауықтыру және алдын алу
  2. Ауруды ерте анықтау
  3. Медициналық көмек көрсету
  4. Ауруды басқару және оңалту

Денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын қамтамасыз ету

Компьютерлік техникамен қамтылуы 100% құрайды.

Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге қосылған, яғни 100% қамтылған.

Қағазсыз құжат айналымы

38 медициналық ұйымынан 38 (100%) медициналық ұйым ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылды.

121 медициналық нысаннан 121 (100%) медициналық нысан электрондық нұсқаға көшірілді.

Сауықтыру және алдын алу

Әр емханада мобильді қосымшаларды пайдалану бойынша түсіндіру үшін пациенттерге цифрлық көмек көрсету посттары бар Қазіргі таңда бейінді мамандарға 11 жолдама бойынша қабылдау уақыты 4-5 күнге дейін қысқарды, бұрын 1-2 апта болатын.

Ауруларды ерте анықтау

Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу бойынша қазіргі уақытта 76,4% электронды түрге жеткізілді.

Анықтама ретінде:

Кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойныша флюоротексеруден өткен пациенттер саны – 414 907 (41,4%)

Оның ішінде флюоросақтық бойынша анықталғаны – 17 801 (13%)

Медициналық көмек көрсету

Түркістан облысы бойынша 1 798 660 (100%) электрондық денсаулық паспорттары жасақталды. 4525 дәрігер немесе 100% және 14 695 орта буынды қызметкерлер немесе 100% медициналық ақпараттық жүйеге оқытылған.

Анықтама ретінде:

Бүгінгі таңда 64 258 еңбекке жарамсыздық парағы МАЖ арқылы берілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының базасында – Ситуациялық орталық ашылды.

Күтілетін нәтижелер:

  • Науқастың емханаға келуі 9-ден - 2-ге дейін қысқарды;
  • Кезектің уақыты 30 минуттан 15 минутқа дейін қысқарды;
  • Дәрігердің қабылдау уақыты және зерттеулер уақытының 2 есе қысқаруы;
  • Дәрігердің қабылдау уақыты 50% дейін қысқаруы;
  • Үйден шықпай зерттеулердің нәтижесін көру, дәрігерлерден кеңес алу;
  • Еңбекке жарамсыздық парақтарын және аңықтамаларды электрондық нұсқаға ауыстыру арқылы сыбайлас жемқорлықты тоқтату;
  • Барлық ақпарат онлайн режимде;
  • Денсаулық сақтау қызметтеріне сенімнің артуы 2018 жылы – 50%;
  • Жылына медициналық қағаз құжаттамаға кететін қағаздың шамамен 1 тоннасы үнемделеді:
  • Кеңсе тауарларына кететін шығындарды оңтайландыру, шамамен соңғы 3 айда 15 млн теңге.

3. КӨЛІК САЛАСЫ

Бүгінгі таңда, Түркістан облысы бойынша 118 облысаралық 520 автокөлік) және 14 ауданарлық (62 автокөлік) тұрақты бағыттар жолаушыларға қызмет көрсететді.

2018 жылғы қазан айында Түркістан қаласындағы 2 бағытқа (№1 және №1А) жол ақысын электронды төлеу жүйесі пилотты жоба ретінде іске қосылды.

Жоба аясында 21 автобусқа планшеттер мен 120 QR кодттармен қамтылып, жолаушыларға жарнамалау үшін 5 баннерді орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жол ақысын электронды төлеу жүйесін енгізу мен қатар, тұрақты бағыттардағы жолаушылар көлігін қозғалысын және олардың қозғалыс жүйелілігін (сонымен бірге, автокөліктерді GPS трекермен қамтамасыз етуді) бақылауға диспечерлік орталық іске қосылды.

Сонымен қоса, негізгі құрамдағы ауданаралық және облыс аралық тұрақты бағыттардағы 594 автокөлік құралының барлығы GPS құрылғысымен жабдықталған (100 % орнатылған).

  • Ауданаралық – 62 Автокөлік;
  • Облысаралық – 532 Автокөлік.

Сондай-ақ, 2019 жылға қажеттілікке байланысты Ақылды тұрақтармен бағдаршамдарды орнатуды жоспарлап отырмыз.

Күтілетін нәтижелері:

-Бағыттарға түсімді жинаудың есебінен пиғылды іс-әрекеттеріді 30% азайту;

-Маршруттық желіні оңтайландыру есебінен жолаушылар ағынын ұлғайту және жолаушылар қызмет көрсету сапасын 20% арттыру;

-Сапалы қызмет көрсету және телемдерді оңтайландыруды 40% жақсарту;

-Қала шеңберінде жолаушылар тасымалын құру және қолжетімділігін 65% жоғарылату;

4. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында "SmartCity" тұжырымдамасы (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру мақсатта Отырар м/а 10 көп қабатты тұрғын үй таңдап алынып, E-SHANYRAQ жүйесіне интеграция жасалынды.

Е-Шанырақ жүйесінің басты мақсаты:

-Шығындарды бекіту, қаржатты жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығы.

- Осы жүйенің арқасында тұрғындар интернет арқылы есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, үй бойынша шығындармен табыстарды бақылай алады.

-ТКШ мәселелері бойынша онлайн түрде өтініштер де бере алады.

Облыста 17854 дана деректерді қашықтықтан таратумен электрмен жабдықтаудың жеке есептегіштері (ЭКЕАЖ) орнатылған және 291 жалпы үйлік жылу есептеуіштері орнатылған.

Түркістан облысы ТҚШ ЭжКШБ жоғарыда аталған есептеуіштердің берілген көрсеткіштерін E-SHANYRAQ жүйесіне қосу және беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, қазіргі уақытта 216 үй қосылды, оның ішінде 79 КПТҮ есептеуіштер мәліметтері жүйеге қосылған, атап айтқанда 1495 электрмен жабдықтау есептеуіштері (ЭКЕАЖ) қосылған, деректреді қосу бойынша іс-шара Кентау қаласында және Түркістан қаласында жүргізілуде.

"Ақылды кварталдың" құрамдас бөлігі ретінде бүгінгі таңда Түркістан қаласы Отырар шағын ауданында 8 бейнебақылау камерасы орнатылды, өз кезегінде азаматтар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ күн панельдері бар фотореле датчиктері бар 76 дана көше жарығының көлемінде "ақылды жарықтандыру" компоненттері орнатылды, олар энергия шығыны бойынша шығындарды 30% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жарықтандыру бойынша анықтама.

Облыс бойынша 700 көше күн панельдері жүйесінде фотореле датчиктері бар жарық шамдары орнатылды. Атап айтқанда:Кентау қаласы 62 дана,Түркістан қ. 76 дана, Түлкібас ауданы - 37 дана, Шардара ауданы-6 дана, Отырар ауданы-126 дана, Сарыағаш ауданы-399 дана.

Облыс бойынша механикалық таймер жүйесі бойынша 1294 ақылды көше ілгіштері орнатылды. Атап айтқанда: Арыс қаласы 272 дана, Бәйдібек ауданы 505 дана, Арыс қаласы 272 дана,Отырар ауданы 517 дана.

Күтілетін нәтижелер:

-Тұрғын үйлерде тұтынылатын энергия, жылу, суды және газды пайдалану тиімділігін 20-30% арттырылады;

- Комммуналдық тұтынуларды ұрлау фактілерін болдырмау және авариялық жағдайларды жылдам анықтау есебінен төмендету;

- Обьектілерде орналасқан барлық жылу есептегіштер мен бақылаушылардан деректерді автоматты түрде жинау;

- Жылу энергиясын пайдалануды тиімді бақылау және жылу желілеріндегі шығындарды анықтау мүмкіндігі.

-

5. ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫ

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында пилоттық жоба ретінде келесідей жұмыстар атқарылуда:

  1. «Трафик-Сканер М» 2 дана фото-видео комплексті орнатылды;
  2. «Ақылды жол қиылыс» 1 дана (бейне ақпараттар жергілікті кезекшілік полиция бөлімшесіне шығарылады);
  3. Ақылды қала жобасымен тұрғын үйлерге 8 дана бейнебақылау камерасы орнатылды және пилоттық жоба ретінде жол ережелерін бақылау үшін 6-бейнекамера орнатылды.
  4. 2016 жылы орнатылған барлық 41 камераларды толықтай қалпына келтірілу жұмыстары қолға алынды.
  5. 2019 жылдың 3 тоқсанында Орталықтан жедел басқару (ЦОУ) және Өңдеу орталығын (ПЦ) ашумен қатар, жол ережелерін бақылайтын 25 фото-бейне камера және құқық бұзушылықтарды анықтайтын 3 камера орнатылу көзделуде.
  6. «112» диспетчерлік орталық негізінде жұмыс істейтін пилоттық жобасы енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген құрылғылар (МЖС есебінен) Шымкент қаласындағы бейне бақылау жүйесімен және ары қарай ҚР ІІМ жүйесімен интеграцияланады.

Орта есеппен ай сайын бюджетке 1 млн 400 теңге түседі.

Күтілетін нәтижелер:

- Қылмыс пен жол көліктік оқиғалар саны 20-25% төмендейді;

- Төтенше жағдайлар, құқық бұзушылықтар, адамдардың қаза болу мен жарақаттанушылығы санын айтарлықтай төмендеуі, оның ішінде ашылуын арттыру;

- Жол жүру ережелерін бұзылуын 50 % қысқару;

- Төтенше жағдайлар кезінде немесе одан болатын залалды азайту;

- Қауіпсіз қала кешенді қатысушылары қызметтерінің әрекет ету жылдамдығын арттыру және салдарын жою уақытын қысқарту.

Документы
Ақпарат
20 июня 2023
Түркістан облысының әкімдігі
"Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі
Ақпарат
17 апреля 2023
Түркістан облысының әкімдігі
«QazInnovations»
Есеп
01 июля 2021
Түркістан облысының әкімдігі
2021 жылдың I-жарты жылдығы бойынша салаларды цифрландыру бағытында жүргізілген жұмыстар, енгізілген шараларды жетілдіру және алға қойылған іс-шаралар туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Түркістан тұрғындары мен қонақтарына арналған AR Turkistan туристік мобильді қосымшасы
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы