Пәтерді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да алу
Пәтерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы жалдау арқылы Бағдарламалар желісі бойынша осы банкте жинақтау депозиттері бар жас отбасылары меншігіне ала алады.
Тұрғын үйді алуға керекті талаптар
Егер сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да үйді алуға үміткер жас отбасы болсаңыз, сізге келесі талаптарға сәйкес болуыңыз керек:
Тұрғын үй алуға кезекке тұру
Бағдарламаға қатысуға құжаттарды қабылдау орны мен мерзімі туралы ақпарат БАҚ-да, интернет ресурсында жарияланады. Бағдарламаның бағытын, азаматтардың санаттарын, тұрғын үйдің сипаттамаларын, құжаттарды қабылдау орындарын, құжаттарды қабылдау күнінің басы мен соңын көрсете отырып, тұрғын үйді іске асыру шарттары туралы хабарламаларды шығарғаннан кейін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаражаттары жүйесіне қатысушы ретінде тұрғын үй алуға egov.kz. электронды үкімет порталына кезекке тұру үшін өтінішті рәсімдеу керек.
2
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да өтінішті қалай рәсімдеу керек (нұсқасы)
Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттар тұрғын үйді қолдануға тапсыруға дейін жарты жыл бұрын қабылданады.
ресми интернет ресурсында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да төлемақы төлеу қабілетін бағалауға бағыттама алушы үміткерлердің бастапқы тізіміне қосылған өтініш берушілердің тізімі жарияланады.
Төлемақы төлеу қабілетін растауға бағыттама алу үшін сіз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен келуіңіз керек. 7 жұмыс күнінің ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сіздің ұсынған бағыттамаңызды қарастырып, сізге төлемақы төлеу қабілетіңіз туралы мәлімдеме береді. Бұл мәлімдемені сіз бағыттманы алған сәттен бастап 20 күннің ішінде төлемақы төлеу қабілетін растау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсыруыңыз қажет.
Төлемақы төлеу қабілеті расталғаннан кейін сіз банкпен қосымша келісім жасап, оны да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырасыз. Одан кейін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң депозитіне кепілдеме жарнаңызды саласыз. Сіздің жинаған қаражаттарыңыздың соммасы кепілдеме жарнасының мөлшеріне тең немесе одан артық болса, кепілдеме жарнасын төлеудің қажеті жоқ.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: банкпен қосымша келісім жасасу.
3
Өтініш берушілер қалай таңдалады
Жалдамалы тұрғын үйлерді бөлу үшін төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміні балдық жүйе бойынша таңдайды (ең көп балл саны бойынша). Кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерді алушы үміткерлердің тізімі сайтта көрсетіледі.
Пулдарды жасау, тұрғын үйді бөлу және сатып алу тәртібі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң ішкі құжаттарымен анықталады. Тұрғын үйді бөлу бойынша конкурстың барлық сатыларынан өткен жағдайда сіз жалдау шартын жасау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне барасыз.
Сізге Аймақтардың даму бағдарламасы шеңберінде жалдауға пәтен берілген жағдайда бастапқы жарнасын төлеудің қажеті жоқ. Тұрғын үй 8 жыл мерзімге жалдауға беріледі, сол уақыт ішінде сіз пәтер бағасының 50%-н жинап алуыңыз керек. Сіздің ай сайынғы төлейтін жалдау соммасы осында жиналады. Уақыты өткеннен кейін, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сізге несиені мерзіміне дейін жабу мүмкіндігімен қарызға 15 жылға дейінгі мерзімге пәтер бағасының қалған жарты соммасын береді.
5
Қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
Қатысушыларға келесідей талаптар қойлады:
Бағдарламаға қатысу кезінде сіз келесідей жағдайларда үстем боласыз:
6
«Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу
«Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ операторы арқылы іске асырылатын пәтерлер бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тұрғын үйді алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік әлсіз тобына есептелген. Атап айтсақ:
Тұрғын үй алуға кезекке тұру
Жалдамалы тұрғын үй алу үшін сізге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бару керек.
Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жалдамалы тұрғын үйлерді алуға үміткерлерінен құжат алғаннан кейін үстемдігі мен кезектілігін ескере отырып, әлеуетті жалдаушылардың тізімі жасалады.
Төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді таңдау
Таңдаудан өткен үміткерлер төлемақы төлеу қабілетін растау үшін «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-на жіберіледі және жағымды тұжырым жасалған жағдайда - «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-мен жалдау шартын жасау керек.
Тұрғын үй онда 5 жыл тұрғаннан кейін сатып алу құқығымен 20 жыл уақытқа жалға беріледі.
7
«Самұрық-қазына» Жылжымайтын мүлк қоры» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу
«Самұрық–Казына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі оны сатып алу жоспарланатын жерден меншігінде тұрғын үйі жоқ төлемақы төлеуге қабілетті халықтың арасында сатылады. Тұрғын үй бағасы тенгемен алынған және ауытқымайды.
ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу;
Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: сайтта жазылған өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталуына қарай жалдамалы пәтер алуға кезекте тұрғандардың тізімі жасалады.
Тұрғын үй алуға кезекке тұру
Қажетті құжаттарының тізімі бар үміткерлер Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясына тікелей барады.
Жалдамалы пәтер алуға өтініш беруге қажетті құжаттар:
Төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді таңдау.
Егер сіздің жалпы отбасылық табысыңыз аз болса, барлық несие карталарын, онымен қоса, өзіңіздің пайдаланбаған карталарыңызды да жабу керек. Сізде мерзімі жарты жыл және одан да көп болатын ресми зейнетақы аударымдары болуы қажет. Бұл сіздің қосарлы қарыз алушыңызға да қатысты болады.
Егер сіз авариялық жағдайдың–суық су немесе қоғамдық аумақтарда кәріз құбырлары жарылуына (көп пәтерлі үйлердің аула аумағы, жолдар және т.б.) куә болып жатсаныз, сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 109 қызметіне қоңырау шала аласыз. Суық сунемесе кәріз жүйелері құбырлары пәтер немесе үй-жайішінде, сондай-ақ, кіре берісте жарылған жағдайда, сіз сіздің ПИК немесе басқарушы компанияның апаттық қызметіне жүгіне аласыз.
2
Авариялық жағдайды жою
109 жедел қызметіне түскен өтінім қызмет көрсететін кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне жедел бағытталады. Диспетчерлік қызмет өтінімді қабылдағаннан кейін 15 минут ішінде авариялық жағдайды күндізгі уақытта жою үшін ақпаратты РЭУ (Аудандық пайдалану учаскелеріне) жолдайды. Түнгі уақытта кезекші бригада ҚҚТ (Орталық диспетчерлік қызметі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан су»), авариялық жағдайды жою бойынша шараларды кезекші бригадаға жөнелтеді. Ағып жатқан су жол жабынын бұзып, көлік қозғалысын тоқтатып, көшені, коллектор, ғимараттардың жертөлелері және т.б. субасу секілді шұғыл жағдайлардан бөлек, абоненттер құбырлардын ажыратылғаны туралы алдын ала ескертілуі тиіс, Жөндеу бригадасы қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында зақымданған жерді түгендемелік қалқандармен уақытша қоршайды. Апаттын алдын алғаннан кейін 10 минут ішінде кәсіпорынның жедел қызметкерлері аварияны оқшаулау/жою туралы қажетті қосымша ақпаратты барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, қала ұйымдары мен қызметтеріне одан әрі тарату үшін 109 қізметіне жібереді.
3
Авариялық жағдайды жою мерзімдері
Авариялық жағдайларды жою мерзіміне тиіс құбырлардың диаметріне және жұмыс жасау жағдайына байланысты 8-ден 24 сағатқа дейін асырылуы керек. Аталған уақыт бұзылудың күрделігіне және ажырату учаскесі нүктесінен істен қашық болғанына байланысты ұзара береді. Сондай-ақ, зақымды жойғаннан кейін құбырды дезинфекциялауға 4-тен 54 сағатқа дейін кетеді. Су 24 сағат болмаған жағдайда уақытша сумен жабдықтау ұйымдастырылады – суды су тасығыш мәшинелерімен тасиды. Көрсетілген мерзімдер өрескел бұзғылған жағдайда, сіз жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауына Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына (жетекшілік ететін орган «Түркістан су» МКК) жүгіне аласыз.
Құрылыс нысандарын салу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (Бұдан әрі – Заң) талаптары сақталу қажет.
Заңның 12-бабына сәйкес меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады.
Заңының 68-бабына сәйкес құрылыс процесiнiң тиiстi кезеңдерiнде келесі рәсiмдер орындалуға және талаптар сақталуға тиiс:
- Объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алуға міндетті. Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес функционалдық аймағы болған жағдайда, объект құрылысы үшін аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан қосымша шешім алу талап етілмейді. Объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жер пайдалану құқығы не жеке меншік құқығы берілген жерде ғана жол беріледі;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары жерге тиiстi құқық беру туралы шешiм, инженерлiк қамтамасыз ету және коммуналдық қызмет көрсету көздерiне қосу үшін техникалық шарттарды жобалаудың бекiтiлген тапсырмасы және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негiзiнде тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруі тиіс;
- жобалауға арналған тапсырмаға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына және өзге де бастапқы материалдарға сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келiсуден, ведомстводан тыс кешендi сараптамадан және бекiтуден өтуі тиіс;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.