Қарағанды облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) тобының жетекшісі Юрий Анатольевич Гусаков «ҰАТ қатысушыларының мекемелерге алдын ала баруын жүзеге асырудың практикалық аспектілері» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді.
Тренинг барысында спикер Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, халықаралық пактілер мен БҰҰ стандарттарына тоқталып, азаптауға, қатыгез әріадамгершілікке жат әрекеттерге тыйым салуға қатысты негізгі ұғымдарды түсіндірді. Ю. Гусаков мекемелерге бару кезінде есептерді әзірлеу тәртібі мен құрылымына байланысты практикалық ұсынымдар беріп, ведомстволық бағынысы әртүрлі ұйымдарға барукезінде ескерілуі тиіс маңызды жайттарға назар аударды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараның модераторы – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің хатшысы Р.П. Шер. Онлайн форматта өткен тренингке еліміздің барлық өңірінен 40-тан астам ҰАТ мүшесі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері қатысты.