Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді шуақты да шырайлы Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – достық пен бірліктің, сыйластық пен татулықтың символы. Ежелден қалыптасқан Көрісу дәстүрі адамдарды жақындастырып, бауырмалдықты арттыруға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндейді. Бұл күні ағайын-туыс бір-біріне сәлем беріп, ақжарма тілектер айтып, ынтымақты нығайтады.

Амал – тек дәстүр ғана емес, халқымыздың негізгі құндылықтарын айшықтайтын мереке. Үлкендісыйлау, кішіпейілділік таныту, мейірімділік пен ауызбіршілікті сақтау – біздің рухани байлығымыздың негізі. Осындай асыл қасиеттер әділдік пен өзара түсіністікке негізделген берекеліқоғам құруға сеп болады.

Осы тамаша мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, жүректерге жылу, өмірлеріңізге мол жақсылық әкелсін!

Амал мерекесі құтты болсын!  

Құрметпен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев