Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін мониторингілеу бойынша вебинар өтті

Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін мониторингілеу бойынша вебинар өтті

2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін мониторингілеу ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өтті.

Онлайн оқыту барысында медицина ғылымдарының кандидаты,жоғары санатты психиатр дәрігер, адам құқықтары саласының сарапшысы Молчанов С.Н. спикер ретінде сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында медициналық көмек көрсету саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен жабық медициналық мекемелерде жатқан азаматтардың құқықтары жайлы жан-жақты мәліметберді.

Вебинарға қатысушылар денсаулық сақтау нысандарына алдын ала баруды ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты ұсыныстармен танысты. Мониторинг жүргізудің негізгі әдістері, атап айтқанда құжаттарды жинау менталдау, пациенттер мен медициналық қызметкерлерден сұхбат алу, сондай-ақ анықталған деректерді тіркеу тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Іс-шараға Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) және Омбудсмен аппаратының 50-ден астам өкілі қатысты.