
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ай – рухани жаңғырудың, мейірімділік пен қайырымдылықтың, кешірім мен сабырлықтың уақыты.
Рамазан – тек құлшылықтың емес, сонымен бірге әділдік, теңдік және адамгершілік құндылықтарын ұлықтайтын ай. Бұл қасиетті кезең адам құқықтарының іргелі қағидаттарымен – әр адамның ар-намысын құрметтеу, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, әлсіздерге қолдау көрсету сынды құндылықтармен үндеседі.
Осы қасиетті айда елдегі әр шаңыраққа амандық, ынтымақ пен береке тілеймін! Ұстаған оразаларыңыз, жасаған игі амалдарыңыз қабыл болсын! Құрметпен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев