Дүниежүзілік ҮЕҰ күні

Дүниежүзілік ҮЕҰ күні

Құрметті үкіметтік емес ұйым өкілдері!

Сіздерді Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың қалыптасуы мен дамуы отыз жылдан астам уақытты қамтиды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ҮЕҰ игілікті істердің ұйытқысы болып, елдік және жаһандық деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуге белсенді атсалысып келеді. Семей ядролық полигонын жабу, Кіші Аралды қалпына келтіру сынды тарихи шешімдер, сондай-ақ бүгінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және гуманитарлық жобалар – сіздердің табанды еңбектеріңіздің айқын көрінісі.

Бүгінде сіздер адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік және гуманитарлық бастамаларды дамыту жолында аянбай еңбек етіп, елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға зор үлес қосып келесіздер.

Қызметтеріңіз әрдайым шабытқа толы болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын! Азаматтық бастамаларыңыз қоғам тарапынан жоғары бағаланып, әрдайым қолдау тапсын!

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев