
30 тамыз күні Қазақстанда 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция күні атап өтіледі.
Еліміздің негізгі Ата-заңы ретінде Конституция Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның "демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге ұмтылысын көрсетеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады" (Н. Назарбаев).
Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымынша, Қазақстан Конституциясы бостандықтың негізі болып табылады. Осылайша, Конституция Қазақстан халқына ең бастысы — таңдау құқығын берді.
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлттық мереке-Конституция күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің барлық азаматтарына бейбітшілік, бірлік, бақыт, игі істер және табыс тілейміз!
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық