Қазақстандықты Отанға қайтару 8 айға созылды

Қазақстандықты Отанға қайтару 8 айға созылды

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімованың атына ағымдағы жылғы тамыздың басында Қазақстан азаматының туыстары оны Отанына қайтаруға көмек көрсетуді сұрады. Өткен жылдың соңында ол Ресей аумағында көші-қон тәртібін бұзғаны үшін жеке басын куәландыратын құжаттар мен қаржы қаражатын жоғалтқаны үшін ұсталған. Бұл оқиға өз бетінше Отанына оралу мүмкіндігін болдырмады. Өкінішке қарай, пандемия аясында карантиннің ұзаққа созылуына байланысты екі ел арасындағы реадмиссия туралы келісім негізінде екі елдің көші-қон қызметтерінің оны қайтаруы 8 айға созылды.

Қазақстандық Омбудсменнің Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігімен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ішкі істер министрліктерімен жедел өзара іс-қимылының арқасында үш апта ішінде ұзаққа созылған мәселені шешуге қол жеткізілді. Қазақстандық 26 тамызда үйіне аман-есен оралды.

Осымен ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевқа, РФ Ішкі істер министрі Владимир Александрович Колокольцевке, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберге және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаевқа Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген басқа мемлекеттердің аумағында Қазақстан азаматының құқықтарын қорғау мәселесіндегі жедел өзара іс-қимылы үшін алғысымызды білдіреміз.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық